Алда келе жатқан Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен “Мұнай-газ кешені ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуы қарсаңында, ардагерлер арасында шахматтан турнир өткізіліп жатқаны туралы бұрын да қабарланған болатын. Бірлестіктің Атырау облысы мен Алматы қаласындағы филиалдарында бұл шара қызу қолдау тауып, жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға марапаттар тапсырылды. Кеше, тамыз айының 6-шы жұлдызында кезекті шахмат турнирі Астана қаласындағы ардагерлер арасында да өткізілді. Турнирдің ашылу рәсіміне Орталық аппарат қызметкерлері қатысып, жарысқа қатысушылармен бірге естелік фотоға түсті.
Әйелдер арасында, ойынның соңғы айналымында мұнайшы ардагерлер Мұстахима Малашқызы Исаинова мен Жаннат Махмұдқызы сайысты. Қортындысында Ж. Махмұдқызы жеңіске жетті.
Ерлер арасында — кеңінен танымал, майталман мұнайшы ардагерлер Төлеген Айышұлы Хасанов пен Ханим Нұрғалиұлы Құсаев жарыс көрігін қыздыра түсті. Нәтижесінде Төлеген Айышұлы жеңіске жетті.
Әуесқой шахматшы, бірлестіктің консультанты А.Аққұлов судьялық еткен, ардагерлер арасында өткен шахмат турнирі, ойын тәртібі сақталған — спорттық азарт пен өзара сыйластық жағдайда өтті. Турнир соңында Бірлестіктің Бас директоры А.Тегіспаев жеңімпаздарға марапаттар тапсырып, отбасы-әулеттеріне амандық, өздеріне шеберліктерінің шыңдала беруіне, алдағы турнирлерде де белсенді қатынасушылар қатарынан көрінулеріне тілегін жеткізді.
Бұл күндері Астанада ФИДЕ қамқорлығымен, Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтіп жатырғанын еске сала кеткен жөн. Ол рапид және блиц түрінен өтуде. Мұнайшы ардагерлер қауымы арасында өтіп жатқан шахмат турнирі жарыстары да, Бірлестіктің барлық филиалдарында қолдау табады деген сенімдеміз.
“МНГК” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ