ЖАҢАӨЗЕН АРДАГЕРЛЕРі ҚУҒЫН-СҮРГІН, АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН ОҚЫДЫ

31- мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

1997 жылдан бастап 31 мамыр саяси қуғын-сүргін күні деп белгіленді.
Соған орай, Жаңаөзен қаласындағы «Әбіш Қожа» мешітінде қуғын- сүргін құрбандарының рухына Қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов, «Мұнайгаз кешені ардагерлері» РҚБ Жаңаөзен қаласы бойынша өкілдігінің директоры Майлыбай Өтебаев, Жаңаөзен қаласы ардагерлер кеңес төрағасы Жүзбай Күмісбаев, және т б еңбек ардагерлерінің қатысуымен  құран оқылды.

Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қаза болды. “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” ұранымен жүргізілген науқаннан 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Осы деректерден-ақ бұл зұлматтың қаншалықты қасыретті болғанын көруге болады. Сондықтан, біздің халық қуғын-сүргін, ашаршылық кезінде жапа шеккендердің рухтарына құрмет көрсетуді ешуақытта естен шығармақ емес.
“МГКА” РҚБ — нің ЖАҢАӨЗЕН ӨКІЛДІГІ