АТЫРАУ ФИЛИАЛЫ ГЕОЛОГТАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Атырау филиалында геологтар күні атап өтілді. Филиал директоры М.Ізбасов құттықтау сөзінде — “ Мұнай-газ өнеркәсібінің дамуында, оның ішінде жаңа мұнай-газ кен алаңдарының ашылуында, жеті қат жер астынан еліміздің басты байлығының бірі және бірегейі мұнай өндіру үшін іске қосылған кен алаңдарын оптимальды түрде тиімді пайдалануда, қабаттың мұнай беру қабілетін арттыруда, геологиялық- техникалық шараларды іске асырып технологиялық режимге сәйкес тиімді жұмыс жасауында геолог мамандардың атқаратын еңбегі ұшан-теңіз, біз мұнайшылар сіздердің осы қым-қуыт тірліктеріңізді, еңбектеріңізді аса жоғары бағалаймыз” деді. Максим Шафықұлы, жиынға қатысқан ардагерлерді кәсіби төл мерекелерімен қызу құттықтай отырып, өмірдегі бар жақсылықты Жаратқан Иеміз сіздерге нәсіп етсін деген тілегін жеткізді!

Ардагер- геолог Матжанов Қуанышқа “ Лучший геолог Казахстана” атағы беріліп, төс белгісі тапсырылды. Ардагер Рахметова Бағыт апай   “ Еңбек ардагері”  медалымен марапатталды. Мереке қуанышты көңіл-күймен, дастархан басында жалғасты.

 

 

А.КӨПТІЛЕУОВА- АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ