ҚУАНЫШТЫ ҚАБАР

 

Жақында, еліміздің мұнайгаз саласын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген, сала ардагері, “МГКА” РҚБ құрылтайшысының бірі Қ.Келжановқа — Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.01.2025 ж. шешімімен “Маңғыстау облысының құрметті азаматы” атағы берілді.

“Мұнайгаз кешені ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Құралбек Қошкелдіұлын құттықтай отырып, берік денсаулық, алдағы уақытта да өмірлік мол тәжірибесін жастармен бөлісіп, мұнайгаз саласының дамуы жолында игі табыстарға жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ