Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының докторы, «QazagGaz ҰК» АҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі, Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы Өтебаев Майлыбай Өтебайұлының 70 жасқа толуына орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Мерекелік шара әуелі Жаңаөзен политехникалық колледжі ғимаратында техника ғылымдарының докторы Майлыбай Өтебайұлының еңбектерімен толтырылған аудиторияның ашылу салтанатымен басталды.
Салтанатты жиынға Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабай Қарағаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов және Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаев қатысты.
Шара барысында қонақтар «Мұнайшы» мәдениет үйінде еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолы және ғылыми еңбектерінен фото деректері мен кітап көрмесін тамашалады.
Сонымен қатар майталман мұнайшының ерен еңбегі жайында «Еңбегімен елеулі Азамат» атты ғылыми конференция, «Восстановление производительности нефтяных скважин с применением новых технолоний» атты ғылыми еңбегінің тұсауы кесілді.
Еңбегі еленген ардагер ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Кеш соңы «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.