Атырау облысының қоғам қайраткері Максим Ізбасовқа «Каспий аймағы қоғамдық Академиясының академигі» атағы берілді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Максим Ізбасовтың мерейтойына арналған ғылыми жиын өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ҚР Мемлекеттік «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Максим Ізбасов – Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға өлшеусіз үлес қосқан қажырлы қайраткер, мемлекеттік қызметте халықтың алғысына бөленген ардагер.
Жиында басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов өңірдің дамуына үлес қосқан ардақты азаматқа оқу орнының жоғарғы марапаты «Халел Досмұхамедов» төсбелгісін тақты.
– Сіз саналы ғұмырын Ел ісіне арнаған қайраткерлердің ізін жалғап, бүгінде Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келесіз. Бұл кеңесте өмірлік тәжірибеңіз арқылы жастар мен мемлекеттік қызметшілерге үлгі-өнеге көрсетіп, өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын іргерлетуде маңызды мәселердің шешімін тауып, оң бастамалардың іске асуына ұйтқы болып, кәсіби мамандардан құралған Қоғамдық кеңестің маңызын арттыруға табанды еңбек сіңірдіңіз, – деді С.Идрисов.
Атырау облысының құрметті азаматы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Иманғалиев құттықтау сөзінде Максим Ізбасовтың әрдайым ғылым мен білім саласына қолдау көрсетіп, өңірдегі түйткілді мәселерді оңтайлы шешуде іскерлігімен ерекшеленетін тұлғалы азамат екендігін атап өтті. Сондай-ақ саналы ғұмырын ел ісіне арнаған азаматқа «Каспий аймағы қоғамдық Академиясының академигі» мәртебелі атағын табыстады.
Ғылыми кеңеске университеттің оқытушы-профессорлары, мұнай-газ саласының ардагерлері, қоғам қайраткерінің әріптестері, достары қатысты.
____________________________
Общественному деятелю Атырауской области Максиму Избасову присвоено звание «Академик общественной академии Каспийского региона»
В Атырауском университете имени Х. Досмухамедова состоялось научное собрание, посвященное юбилею Почетного гражданина Атырауской области, общественного деятеля Максима Избасова, — сообщает Региональная служба коммуникаций.
Обладатель государственных орденов РК «Парасат», «Құрмет» Максим Избасов – общественный деятель, внесший неоценимый вклад в социально-экономическое развитие Атырауской области, ветеран государственной службы.
На совещании председатель правления — ректор Саламат Идрисов вручил почетную награду учебного заведения «Халел Досмухамедов» почетному гражданину, внесшему вклад в развитие региона.
— Вы продолжаете идти по стопам деятелей, посвятивших свою сознательную жизнь развитию общества и сегодня занимаете должность председателя Общественного совета Атырауской области. Через свой жизненный опыт вы показали пример молодежи и государственным служащим, нашли решение важных вопросов в построении общественно-политического, социально-экономического развития региона, дали старт реализации позитивных инициатив и упорно трудились над повышением значимости Общественного совета, состоящего из профессионалов,- заявил С. Идрисов.
В своем приветственном слове Почетный гражданин Атырауской области, доктор педагогических наук, профессор Асхат Имангалиев отметил, что Максим Избасов всегда поддерживал науку и образование, отличался умением решать проблемные вопросы региона. Также гражданину, посвятившему свою сознательную жизнь общественному делу, было присвоено почетное звание «Академик общественной академии Каспийского региона».
В ученом совете приняли участие преподаватели университета, ветераны нефтегазовой отрасли, коллеги, друзья общественного деятеля.