ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНА ҚҰРМЕТТІ АТАҚ БЕРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 16-шы жұлдызында Қызылорда қаласының Ғ. Мұратбаев атындағы орталық стадионда, мерекелік іс -шара өтті. Құрылысшылар және Көлік қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға облыс әкімі Н. Нәлібаев, зиялы қауым мен облыс ардагерлері, қала жұртшылық өкілдері қатысты.

 

Отыз мыңнан астам халықтың қатысуымен өткен мерекелік шара барысында, облыс әкімі Н.М.Нәлібаев, еңбек ардагері, “МГКА” РҚБ Филиалының директоры Айтбай Көшербаевқа (басқа да марапат егелерімен бірге) “Қызылорда облысының құрметті азаматы” төс белгісі мен куәлігін, және марапат лентасын табыстады.

Мереке отандық эстрада жұлдыздарының қатынасуымен өткен үлкен мерекелік концертке ұласты.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ