ТАҒЫЛЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ардагеріміз, заңгер, ақын, Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Ақпараттар Академиясының академигі, екі “халық жауының” (ақталған) немересі Балапан Даража Нәбиқызы, Саламат Мұқашев атындағы политехникалық колледжі ұжымының шақыруы бойынша 31 мамырда: “Қуғын-сүргін құрбандары, зұлмат жылдар тарихы” туралы тағылымдық кездесу өткізді. Оның, “Тоба қазық, немесе “Құпия көштің онбір күні” ,-деген репрессия туралы повесіне студенттер қызығушылық танытты.
Төменде: “Студенттермен кездесу” сәтінен көрініс.

Жиын соңында Атырау политехникалық колледжінің басшылығы студент-жастармен есте қалатын, әсерлі кездесу өткізген Б.Нәбиқызына, осы шараны өткізуге мұрындық болған мұнайгаз ардагерлерінің облыстық филиалына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

“МГКА” РҚБ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫ