ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әр салада ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар жетерлік. Өндіріс, ғылым, білім, қоғамдық өмір бағытында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген Қазақстан Республикасы мұнай газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының докторы, халықаралық экология және өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі ғылыми академиясының академигі, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қаласындағы өкілдігінің директоры, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Майлыбай Өтебаев «Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің құрметті профессоры» атағына ие болды.
Ол Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1975 жылы «Мангышлакнефть» Өндірістік бірлестігінің Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында, «Өзенмұнайгаз» ӨБ УПТОиКо директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2000-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру АҚ, «КРУЗ» ЖШС-де атқарушы директор, техникалық директор, 2011-2014 жылдары өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы, 2014-2017 жж. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-де еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы лауазымдарында зейнеткерлік жасқа дейін қызмет етті.
2006 жылы ҚазҰТУ-ің сырттай бөлімінің аспирантурасында оқып, 2010 жылы қандидаттық және де 2012 жылы РФ Мәскеу қаласында докторлық диссертациясын қорғады.
Өзен кен орындарының ұңғыларды бұрғылау, күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып, мұнай өндірісінің тиімділігін, өнімнің сапасын арттыруға, ғылымның озық жаңалықтарын өндіріске игеруге үлкен үлес қосқан және Жаңаөзен қаласының экономикасынның дамуына еңбек сіңірген, өндірістегі еңбек жолын ғылыммен ұштастыра білген азамат Майлыбай Өтебаев – техникалық ғылымдарының докторы, РФ Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі. «Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы», 28 ғылыми еңбектердің, ҚР 5 инновациялық патентінің және жоғары оқу орындарына арналған «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау», «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау және апаттық құралдар», «Гравийные фильтры буровых скважин на жидкие и газообразные полезные ископаемые» оқулықтардың, «Восстановление производительности нефтяных скважин с применением новых технологий» ғылыми монографияның және «Өтебай Наятұлы» кітабының авторы.
Мұнай саласы мен ғылымға сіңірген еңбектері үшін көптеген Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және медальдармен марапатталды.
Зейнеткерлік жасында да қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда, 2022 жылы мұнай-газ саласының ардагерлерінің сұранысымен құрылған «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қаласындағы өкілеттігінің директоры ретінде бірқатар іс шаралардың басы қасында жүріп ұйымдастырады.
Өзі бітірген оқу ордасының құрметті атағы — Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің құрметті профессоры атағын өткен аптада өткен «Маңғыстаудың мұнай-газ болашағы» халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияда «Қазэнерджи” ассосациясы төрағасының орынбасары,Қазақстанның еңбек ері, қоғам қайраткері Ұзақбай Қарабалин табыстады.

Еліміздің әр перзентінің қоғам дамуына қосар үлесі мол болсын! Ортамызда жүрген қарапайым еңбек адамының қол жеткізген құрметті атағы құтты болсын!
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ЖӘНЕ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ