Шелл концернінің елімізге келіп қызмет ете бастағанына 30 жыл толды. Осы айтулы датаға арналған салтанатты жиынға қатысқан ҚР Президенті Қ.Тоқаев: “ Шелл концерні елімізге алғашқы келген шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ концерннің Қазақстандағы ірі Қашаған, Қарашығанақ ж.т.б. жобаларға қатысуы, сала тарихындағы маңызды кезең саналады “ деді. Осы аралықта Шелл концерні ел экономикасына 18 млрд доллардан астам инвестиция құйған.
Сонымен бірге, Президент концерннің әлеуметтік жауапкершілігін де атап өтіп, алғысын білдірді. Жиынға мұнай-газ саласының бір топ ардагерлері, оның ішінде “Мұнайгаз кешені ардагерлері” РҚБ-і кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Ұ.Қарабалин, Кеңестің мүшелері З.Алшымбаев, Қ.Қабылдин, Бірлестіктің Бас директоры А.Тегіспаев және т.б. ардагерлер қатысты.
Жиын барысында мемлпкет басшысы компанияның бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. 3-ші дәрежелі “Барыс” орденімен Шелл концернінің Қазақстандағы бөлімшесі төрағасының орынбасары, “МНГК” РҚБ мүшесі Қ.Келжанов наградталды.
Сөзін қортындылай келе, мемлекет басшысы, Шелл концернімен болашақта да өзара тиімді ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді. Салтанатты жиында Шелл концернінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Зоя Юнович, мұнайгаз саласының ардагері, Қазақстан геологтар қоғамының төрағасы Б.Қуандықов құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңы өнер шеберлерінің концертіне ұласты.
“МНГК” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ