Үстіміздегі жылдың 18- ші қыркүйегінде Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, публицист, “ Меценат.кз” әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты Шархан Қазығұлдың “Күлпет” романының тұсаукесер рәсімі өтті. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері М.Копей, З.Алшымбаев, Мәжіліс депутаттары Е.Бапи, Н.Жүсіп, филология ғылымының докторы Ш.Құлмағамбет, әдебиет сыншысы А.Кеңшілікұлы, жазушы-драматург Р.Мұқанова және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс шараны жүргізіп отырған қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Абдрахманов бұл туындыны отандық көркем шығармадағы жаңашылдық ретінде бағалады. Жиында сөйлеген әдебиет саласының өкілдері шығарманың әр қырына тоқталып, сүбелі пікірлерімен бөлісті. Жазушы-драматург Р.Мұқанова : “ Күлпет” романы қазақ қоғамында айтулы оқиғалардың бірегейі болды дей келе, — оның ешкімді қайталамайтынын, кітаптағы кейіпкерлер еркіндікке, адам жанының азаттығына ұмтылдыратынын, автордың бірден роман жазып шыққан батылдығын үлгі етті. Айтулы романның тұсау кесу рәсімін өткізуге, көпшілік алдына ҚР Сенаты Төрағасының экс-спикері М.Көпей, Парламент Мәжілісінің 3-ші және 4-ші шақырылымдарының депутаты, “МНГК” РҚБ-і Кеңесінің мүшесі З.Алшымбаев, жазушы-академик Ш.Құрманбайұлы шақырылды.
Жиын соңында сөз алған , Ш.Қазығұл қатысушыларға жүрек жарды ризашылығын жеткізе отырып:- “ бұл еңбегінің қазіргі оқырманының талғамына сай қысқа форматта жазылғанын, сюжеттің құрылымы, тілі, стилі оқырманға жеңіл болуы басты ұстанымым болды” деп түйіндеді. Автор Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап бүгінге дейінгі тарихын басты кейіпкерінің өмірі мен тағдыры арқылы шебер суреттеген. Шығарма туған жерге деген махаббат пен патротизмді бейнелейді.
“МНГК” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ