“САМҰРҰҚ- ҚАЗЫНА” ҚОРЫ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Нұрлан Жақыпов мұнай-газ саласының ардагерлері Ләззат Қиынов, Ұзақбай Қарабалин, Анатолы Тегісбаев, Таңбай Наушиев және Жақсыбек Құлекеевпен кездесу өткізді.

Нұрлан Жақыпов кездесудің айрықша маңызы барын айта келе, ардагерлердің көп жылғы бай тәжірибесі Қордың даму стратегиясын айқындауда үлкен роль ойнайтынын атап өтті

Кездесу барысында таза энергия, мұнай өнімдері және оларды қайта өңдеуге қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Ардагерлер талқылауға белсенді қатысып, мұнай-газ саласын дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Сондай-ақ, болашақ стратегиялық қадамдарды жоспарлауда ескеру қажет маңызды мәселелерді атады

 

17.07.2023 ж. өткен кездесу.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ