ЖАҢАӨЗЕН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ…

2023 жылдың  Маусым айының  «МГКА»   РҚБ- нің Жаңаөзен

қаласындағы өкілдігінің жасаған жұмыстары  жайында  ақпарат.

 

1 маусым 2023 жыл.  Мұнайл қаламыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына және қара алтынның өндірілуіне өлшеусіз үлес қосқан мұнай саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.  Салтанатты шара қалалық ардагерлер үйінде «МГКА»  РҚБ Жаңаөзен қаласындағы өкілдігінің  төрағасы  М. Өтебаевтың  ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында ғұмырын мұнай саласына  арнап елеулі еңбек еткен Нұржан  Сартов  70 жасқа, Оңдаған Алтановы,  Дүйсенбай  Алымбаев,  Талисбай  Жұмабеков,  Николай Бугай  75 жасқа толу мерей тойына орай Қала әкімінің Алғыс Хатына ие болды. Сондай –ақ бірқатар  мұнай  саласының ардагерлері Қойшыбай  Үсенов, Базарбай  Өтебаев,  Жұбандық  Дербисов, Николай Бугай,  Новрузбай Уленов  ҚР Энергетика  министрлігінің «Қазақстан» мұнайына 120 жыл»  медалімен марапатталды. Атаулы марапаттарды ардагерлерге қала әкімінің орынбарсары Жаңабай  Аймағанбетов  табыстады. Марапатқа ие болған ардагерлер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын  білдірді. Шараға келген  А. Каменов, С. Мыңбай,  Ж. Күмісбаев, А. Айдаров,

 А. Тулаевтар жаңа  жастың биігіне шығып жатқан ардагерлерді құттықтады. Мерекеге орай «Мұнайшы»  МҮ – ң  өнерпаздары ардагерлерге  мерекелік көңіл күй  сыйлап, ән шашуларын тарту етті.

2  маусым 2023 жыл. МҮ « Мұнайшы» да  қала халқы  және мұнайшы ардагерлермен имам  Нұрлан Байжігітұлы кездесті  имандылыққа арналған  рухани құндылығы  мол кеш  өткізеді .

14 маусым 2023 жыл.  Қызысай  ауылы кіреберісіндегі «Стеллада» ардагер мұнайшы, Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы, марқұм Бекболат Нұрлыбаевқа ескерткіш тақта орнатылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ж. Аймағанбетов,  «МГКА»  РҚБ Жаңаөзен қаласындағы өкілдігінің директоры М. Өтебаев, Жаңаөзен қаласы  ардагерлер кеңес төрағасы Ж. Күмісбаев, бір топ «МГКА» РҚБ мүшелері қатысты.

19 маусым 2023 жыл. МҮ «Мұнайшы»  да «Аманаты  асқар таудай ана» тақырыбында қоғам қайраткері, белгілі жазушы, Ел анасы Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші өтті. Кездесуге  қала тұрғындары,  бір топ     «МГКА» РҚБ мүшелері,  ұстаздар  мен студенттер қатысты.

Кездесуге  З. Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт- дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжрибесінен кеңінен әңгімеледі  Өзекті мәселерлер талқылауға «МГКА» — лері  мүшелері М. Өтебаев, А. Нұртаев, Қ. Рейімбайұлы  өз ой- пікірін айтты. Кездесу кеші концерттік бағдарламаға  ұласты.

 

«МГКА» РҚБ- Жаңаөзен

қалалық өкілдігінің директоры                                                  М. Өтебаев