АРДАГЕРЛЕР ҚАМҚОРЛЫҚ АЯСЫНДА

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР!
Астана қаласының төрт ауданында “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталықтары қызмет жасайды. Осындай орталық алғашқы рет Алматы қаласында ашылған болатын. Біздің бірлестіктің атқарушы директоры И.Бирманов 2019 ж. ол орталықта арнайы болып келгеннен кейін- барлық ұйымдастыру методикалық құжаттарын “МГКА” РҚБ кеңесінде қарап, пилоттық жобаны іске асыруға Ақтөбе, Астана және Жаңаөзен қаласының әкімдіктеріне жіберген болатынбыз. Ақтөбе қаласында ол орталық бүгінде қызмет атқарып тұр. Міне осындай орталықтар қазір Астана қаласында да ардагерлерге жемісті қызмет етуде. Өз тұрғын үйлеріңізге жақын аумақтағы орталықтарға барып ( төменде адрестері көрсетілген) сөйтіп, салауатты өмір салтын өз өміріміздің игілігіне айналдыруға шақырамыз.
МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ