БІРЛЕСТІК АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАНДЫ

«Саутс Ойл» мұнай-газ компаниясының

Президенті С.Сейтжановқа

  

Құрметті Серікжан Сейтжанұлы!

Сіздің басшылығыңызбен құрылып, өзінің  сындарлы 20 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған «Саутс Ойл» мұнай-газ компаниясы, Қазақстанның мұнай-газ нарығындағы,  табысты және қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі болып саналады.

Алғашқы кезеңде Қызылорда облысындағы «Кеңлік» кен орнын барлаудан бастаған «Саутс ойл», бүгінде ондаған мұнай-газ кен орындарын ашып, көмірсутек шикізатын өнеркәсіптік өндіруге қол жетеізіп отырған, жүз пайыз  отандық  компаниялар қатарына көтерілді. «Оңтүстік Батыс Қарабұлақ», «Шығыс Ақшабұлақ», «Ақтау», «Есжан» кен орындары игеріліп, сонымен бірге  «Қалжан», «Солтүстік Ақшабұлақ», «Батыс Ақшабұлақ», «Солтүстік Кеңлік», «Бұхара» кен орындарын өнеркәсіптік өндіріске  көшіру үшін алдын ала барлау жұмыстары да нәтижелі жүріп жатқанын айта кеткен жөн. Өз қызметінің басынан компания 10,0 млн.тоннадан астам мұнай және 745,2 млн. текшеметр газ өндірді,    289 ұңғыма бұрғыланды. Бастапқыда, жаңа ұжымда 40 адам қызмет істесе, бүгінде олардың саны 890 адамға ұлғайды.Осындай жетістіктерге компания қандай да бір шетелдік қатысуынсыз қол жеткізіп отыр. Компанияның дамуына көп бейінді «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС мен «Smart oil»  бұрғылау компаниясының ашылуы және «Каспий Құбыр консорциумы» мен келісім шартқа отыруы көп септігін тигізді. Компания ел игілігі үшін жұмыс істейтін қалалар мен ауылдардың, сондай-ақ республикалық деңгейдегі қалалардың жергілікті бағыттағы әлеуметтік құрылымдарын дамыту бағытында да бірқатар  инвестициялық жобаларды атқарды, жыл сайын әлеуметтік саланы дамытуға өндіріу шығындарының 3% -ын бөліп отыр. Компанияның 20 жылдығы дамудың тағы да бір кезеңі болды-биыл ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жастарға білім беру сапасын көтеру ниетінде ,Сіз, «С.Сейтжанов атындағы қоғамдық қайырымдылық» қорын құрдыңыз. Қор қамқорлығына алынған жастар- ата-баба даналығын бойына сіңіріп, олардың тәжірібесін жаңа трендтер мен инновацияларды ескере отырып, қайта қарастыратыны және ел дамуына өз үлестерін қосатыны сөзсіз. Құрметті Серікжан Сейтжанұлы, Сізді , және ұжымыңызды еліміздегі мұнай өндіру саласының жеке кәсіпкерлік бағыты  дамуының пионері «Саутс Ойл» компанисының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыс, отбстарыңызға бақ-береке тілейміз!

 

«Мұнай-газ кешені ардагерлері»

Республикалық қоғамдық бірлестігі

Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері                                               Ұ.Қарабалин.

Бас директоры                                                                                                            А.Тегісбаев