19 НАУРЫЗ - САЙЛАУ КҮНІ

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР!

2022 жылғы 16 наурызда Президентіміз Қ.Тоқаев өзінің “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты халыққа жолдауында ауқымды саяси реформалардың басталатынын жариялаған болатын. Мемлекет басшысы өз Жолдауында “ Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет” формуласын ұсынды. Қазақстанның партиялық заңнамасына маңызды өзгерістер енгізілді. Бірмандатты үміткерлер 20 жылға жуық болмаған додаға қайта оралды. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, халықтың өкілеттігін кеңейтетіні сөзсіз. Әр аймақ төменгі Палатаға кем дегенде бір депутат сайлауға мүмкіндік алады.

Биылғы жылғы Парламент сайлауы аралас жүйе, яғни 70% саяси партиялар, 30% өзін-өзі ұсынушылар арқылы өтеді. Маслихат депутаттары да жаңа, өзгертілген жүйемен сайланады. Жаңа форматта өткізілгелі отырған сайлау- жергілікті маслихаттар мен Парламент Мәжілісін халықтың атынан шынайы билік жүргізетін мықты саяси органға айналдыруға көзделген. Жалпыхалықтық референдумда бұл батыл қадамдар, көпшілік мақұлдаған, Ата заңға шегеленді. Қорытындылай келе айтарымыз- биылғы 19 наурыз бұкіл еліміз үшін тарихи күн болғалы тұр. Себебі біз үлкен тарихи жолайырықта тұрмыз.

Мұндайда дұрыс таңдау жасау қажет. Ел тағдыры ешкімді де, оның ішінде ардагерлер қауымын да бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Сондықтан, әрбір азамат өзінің конституциялық борышын орындап, сайлауға барып, саналы түрде саяси таңдауын жасауы маңызды. Осылай ғана, біз -Әділетті Қазақстанның іргесін бірге қалай аламыз. Олай болса, құрметті әріптестер, наурыз айының 19-шы жұлдызында, сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауымызды жасайық!

 

“МГКА” РҚБ КЕҢЕСІ МЕН ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ