ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР!

Наурыз-жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, қыс пен көктемнің, жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз-әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, құт береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; Наурыз- адамдардың наурызкөже жасап, бір-біріне жеті дәмнен дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ мерекесі; Наурыз-жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі; Сіздерді Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мерекесі әрқайсыңыздың отбасыңызға бірлік пен қуаныш, құт береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен,
“МГКА” РҚБ Кеңесі мен Орталық аппараты, 21.03.2023 ж.