ГЕОЛОГ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Елімізде жыл сайын сәуір айының басында геологтар күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында “МГКА” РҚБ Бас директоры А.Тегісбаев мұнайгаз саласының үлкен бір бөлігін құрайтын геология саласында қызмет еткен ардагерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, баянды бақыт, отбастарына амандық, жүздерінің жарқын, мерейлерінің үстем болуына тілектестігін білдірді. Сонымен бірге, бірлестіктің орталық офисында ардагер-геолог Раушан Бралиеваға, осы саладағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін “ Ембімұнайгаз АҚ -на 100 жыл” мерекелік медалі тапсырылды. Ардагер геолог еңбек жолын 1972 жылы “Балықшы” барлау бұрғылау басқармасында лаборант-коллектор болып бастап, “Атырау барлау бұрғылау бамқармасы” мен “Қазақойл бұрғылау” құрылымында геология бөлімдеріне жетекшілік еткенін атап өткен жөн. Салтанатты жиынға орталық аппарат қызметкерлері З.Алшымбаев, А.Бердімұратов, Х.Кусаев, А.Аққұлов, Г.Блялова және бірестік мүшесі, ардагер А.Қазиев қатысты.

Раушан Бірәліқызын құттықтаған мемлекет және қоғам қайраткері З.Алшымбаев, мұнайгаз саласын дамытуда, әйелдер қауымының да еселі еңбегі мен қажырлы қайратының үлесі жатқанын, олардың өндірістің өтінде ерлермен иық түйістіре еңбек етіп жүргенін ерекше атап өтіп, марапат иесіне жылы тілек лебізін білдірді.

 

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ