БІРЛЕСКЕН ШАРА ӨТТІ

Наурыз айының соңғы күні- геологтар күні қарсаңында, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында бірнеше қоғамдық ұйымдардың қатысуымен мәдени-рухани шаралар өтті:
1. Жыл сайынғы үрдіс жалғасын тауып, “Геолог барлаушылар аллеясында” тал ағаштар отырғызылып, “Мұнайшы-геологтар мемориалына” гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға 100 ден аса ардагерлер қатысты , олардың 23-і “МГКА” РҚБ мүшелері екенін айтқан жөн.

2. Қаладағы “Достық» халықтар ассамблеясының ғимаратында үлкен жиын өтті. Жиын аясында өлкеге танымал, бірлестіктің мүшесі Бисенбай Бисенғалиевтің екі естеліктер жинағының тұсаукесері өтті. Бірлестік филиалының менеджері Ғазиз Нұрлыбеков өз сөзінде Маңғыстауда мұнай-газ кендерінің ашылып, игерілуі, саланың қарқынды дамуы, оған ардагер мұнайшы қауымының қосқан ерен еңбегін көрсететін бұл кітаптардың, өлке тарихын білуге құштар оқырмандарына маңыздылығы туралы кеңінен айтып өтті. Жиналған ардагерлер қауымын, геологтар күні мерекесімен облыс әкімі Н.Ноғаев құттықтап, кітап авторына және мұнайшы ардагерлерге ізгі тілегін жеткізді.
3. Қаланың мейрамханаларының бірінде ардагерлерге арналып дастархан жайылып, көктем шуағымен келген мереке қуанышы ән-күй, ақ тілектер айтылып, жарасымды отырысқа жалғасты. Қазақстан геологтары қоғамдық бірлестігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған бұл шараға мұнайгаз кешені республикалық бірлестігінің облыстық филиалының мүшелері белсенді қатысты.

“МГКА” РҚБ МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫ