Ардагер марапатталды

Жақында “ҚазақГаз” Ұлттық компаниясы АҚ Сарапшылар кеңесі отырысының алдында “МГКА” РҚБ құрылтайшыларының бірі, мұнайгаз саласының ардагері Б.Қ.Назаровқа, Бірлестіктің бас директоры А.Тегісбаев оның ұзақ жылғы мұнайгаз саласындағы жемісті еңбегін атап өтіп — “Ембімұнайгаз” АҚ-на 100 жыл” медалын тапсырды.

Болат Қуандықұлы 1995 жылы “Қарашығанақгазөнеркәсіп” АҚ-ның өнімдерді өткізу және іске асыру бөлімінің бастығы, кейін вице-президенті қызметін атқарды. 2001 жылы “КазТрансГаз” ЖАҚ Қарашығанақ жобасы жөніндегі вице-президенті, 2009 жылы “ КазТрансГаз” АҚ Бас директоры, басқарма төрағасы болып және басқа да жауапты қызметтерді абыроймен атқарғаны айтылды. Салтанатты шараға “ҚазақГаз” АҚ Президенті С.Жаркешов, орынбасарлары Р. Жақсыбеков, А.Төлегенов, М.Ихсанов, А.Ақан, сала ардагерлері Т.Наушиев, Б.Қуандықов, А.Аққұлов және т.б. қатысты.

“Мұнайгаз кешені ардагерлері” Республикалық қоғам бірлестігі, ілгеріде де, ұзақ жылдар отандық мұнайгаз саласының дамуына үлесін қосқан ардагерлерге осындай құрметін көрсете береді.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ