АРДАГЕРГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, “МГКА” РҚБ Кеңесінің мүшесі З.Алшымбаевтың 75 жылдығына орай ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың және осы датаға орай Астана қаласы әкімі Ж.Қасымбектің құттықтау хаттарын қала әкімінің орынбасары Әсет Байкен тапсырып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді.

“МГКА” РҚБ ұсынысымен ҚР Энергетика министрлігінің шешімімен З.Алшымбаевқа 75 жылдық мерейтойына орай “Мұнайгаз кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалі мен бірлестік атынан құттықтау хатты ҚР Еңбек ері, “МНГК” РҚБ Кеңесінің төрағасы Ұ.Қарабалин мен “МГКА” РҚБ нің Бас директоры А.Тегіспаев тапсырды.

Мерейтой иесін құттықтау жиынына мемлекет және қоғам қайраткерлері Р.Шырдабаев, Т.Аубакиров, Б.Ізмұхамбетов, М.Батырбаев, С.Абдрахманов, У.Қалижан, А.Смайыл, И. Елекеев, Т.Қосжанов, А.Бекенов, ҚР Парламентінің депутаттары С.Тұрымов, Е.Жаңбыршин, С.Алдашев және мұнайгаз саласының ардагерлері қатысты.

“МГКА” РҚБ АППАРАТЫ