Әйелдер күні атап өтілді

8-ші наурыз- елімізде кеңінен аталып өтетін, көктемнің алғашқы шуағымен келетін Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Ол 1910 жылы Копенгагенде халықаралық әйелдер қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысымен қабылданғаны тарихтан белгілі. Бұл күні қазақстандықтар да, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіту жолында , еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлесін қосқан ана-әжелеріміз бен, бүгінде еңбек сапындағы апа-қарындастарымызға ізгі тілектерін жеткізеді. Мұнайгаз кешені ардагерлері қауымының құрамында да қоғамдық-саяси өмірге аралысып жүрген, саланың ардагер әйелдері мен бірлестік қызметін белсенді атқарып жүрген қыздарымыз аз емес. Солардың бірі, өзінің күнделікті қызметімен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен мұнайшы -ардагерлер қауымының шынайы құрметіне бөленген, бірлестіктің бухгалтері- Гүлнар Қабжанқызы Блялова. Наурыздың 7-ші жұлдызында бірлестіктің орталық аппаратында өткен, мерекеге арналған салтанатты жиында “МНГК” РҚБ Бас директоры А.Тегіспаев, Гүлнар Қабжанқызын шынайы көңілден құттықтап, баянды бақыт, зор денсаулық, атқарып отырған жауапты қызметінде табысты бола беруіне тілегін білдіріп, мерекелік сый-сыяпатын жасады. Қызметтес ардагер ағалары гүл шоғын ұсынды.

“МНГК” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ