ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында әр қазақстандықтың мүдделері қамтылған. Ол мейлі, медицина, білім салаларының қызметкерлері болсын, немесе кәсіпкерлер, ауыл шаруашылық, спорт, мәдениет салаларының өкілдері, зейнеткерлер, студенттер болсын.
Бағдарламада әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықттың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға басымдық берілген. Барлық бастамалар Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған.
Бүгін №3 «Скважиналарға қызмет көрсету»басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге №3 «СҚЖБ» басқармасы қызметкерлерімен Маңғыстау облыстық штаб төрағасы Нұрбек Қарасаев және ұлттық коалиция мүшелері сайлауалды бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталып, оның әр бағытын сайлаушылар терең ұғыну қажеттігін түсіндіріп, 20 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауға кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды.
«Халықтың әлеуетін арттырып, қолайлы жағдай жасау – Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаттарының бірі. Біздің кандидатымыз өз сайлауалды бағдарламасында қамтылған жоспарларды болашақта емес, жақын арада іске асыруға мүдделі. Осы мақсатқа халықтың қолдауымен ғана жетуге болады», — деді өз сөзінде қалалық штаб мүшесі Майлыбай Өтебаев.
Ұлттық коалиция мүшелері сайлаушылардың дауысы маңызды екендерін жеткізіп, жиналғандарды белесе қатысуға шақырды.
Сөз соңында жиналғандар Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды қадам жасалар тұста өз таңдауларын жасауға дайын екендерін және қолдайтындарын жеткізді.
#Toqaev2022
#Zhanaozen