САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері ҚР Парламен Сенатының депутаты Бақтыбай Ақбердіүлы Шелпеков, «МГКА» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Қайролла Ережепов және Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының мүшесі, Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елдеш Саханұлы Қосмағамбетов үстіміздегі жылдың 15-қараша күні Қарақия ауданының Құрық ауылында «Аксонмед» оңалту орталығының қызметкерлерімен және емделушілерімен, Қарақия кәсіптік колледжінің студенттерімен, Қурық ауылының тұрғындарымен, осы ауданның Мұнайшы ауылында орналасқан «Жетібаймұнайгаз» АҚ жұмыскерлерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды | бағдарламасымен таныстырып, сайлаушылардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, алдағы мемлекеттік деңгейдегі саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.