АРДАГЕР ГЕОЛОГ - 80 ЖАСТА

Еңбек жолын 1966 жылы Өзен кенорнында оператор болып бастаған, белгілі геолог Қ.Сисембаев мерейлі 80 жасқа толды. Айтулы датаға байланысты ҚР энергетика министрлігі мен “Мұнайгаз кешені арлагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігінде ардагер ағамыздың әріптестері жиналып құттықтау рәсімі өтті. Сөйлеген азаиаттар мерейтой иесінің жарты ғасырдан астам еңбек жолында атқарған істеріне тоқталып, олардың кейінгі жас мамандар үшін үлгі- өнеге болатыны және өзіне, жанұсына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мұнайгаз саласын дамыту жолында атқарып жүрген қызметіне табыс тіледі.
“МГКА” РҚБ АППАРАТЫ.