ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жақында Астана қаласының “НҰРОРДА” мектеп-лицейінде
“Құрметке лайықты Ата, Әже” кеші өтті. Оған ата-аналар және жұртшылық өкілдері мен мұғалімдер ұжымы қатысты. Оқушылар алдында адамгершілік құндылықтар: талапкерлік, білімге құштарлық, еңбексүйгіштік т.с.с. тақырыптар төңірегінде “Мұнайгаз кешені ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің мүшесі, Мемлекет және қоғам қайраткері З.Алшымбаев қысқаша сөз сөйлеп, білім ордасы ұжымы мен жасөспірім жеткіншектерге, ата-әжелер атынан бақытты балалық шақ, оқуда озат болуларына тілек білдірді. Көңілді кеш, оқушылардың арнайы дайындаған концертімен жалғасты. Оқушылар шақырылған қонақтарға гүл шоқтарын силады.
“МНГК” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ