РУХАНИ-МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 24-ші қыркүйегінде Астана қаласында, Ж.Жабаевтың ескерткіші жанында қала зиялы қауымы мен студент жастар қатысқан рухани-мәдени шара өтті. Шара жыр алыбы Ж.Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Бұл іс-шара қазақ ұлтының төл өнерлері-жыр мен күйді дәріптеп, бабалардың ұшан теңіз мұрасын қайта жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа таратып және оларды жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жиын алдында ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі У.Қалижан баяндама жасады. Мемлекет және қоғам қайраткері, “МНГК” республикалық бірлестігі Кеңесінің мүшесі З.Алшымбаев, «Күй анасы” қорының жетекшісі, профессор Т.Қуанышев, композитор К.Назарбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор О.Дүйсен құттықтау сөз сөйлеп, бұл іс-шараның жас ұрпақты ұлттық өнерімізді сүюге, өнерлі жастардың талабын шыңдауға, бағын ашуға бағытталғанын атап өтті.

 

Сонымен бірге бір топ талапты жас орындаушылар жыр алыбының өлең-толғауларын оқып, жыр-күйлерін оындап көрермендердің қошеметіне бөленді. А.Құрманов атындағы мектептің оқушылары Жамбыл өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде мәнерлеп оқып берді.

Төрешілер алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сый-сияпат табыс етілді.
ЕЛОРДА.INFO