Жеңімпаздар марапатталды

                                                                                Қалалық Ардагерлер үйінде    

      Осы жылғы мамыр айында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ –нің Жаңаөзен қалалық филиалы Кеңесінің Ардагерлер үйінде мемлекет және қоғам қайраткері, 1971 – 1982 жылдары  Жаңаөзен қаласы  атқару комитеті төрағасының бірінші  орынбасары,  1983 – 2013 жылдары  Жаңаөзен қалалық  соғыс және еңбек ардагерлері қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, өлкетанушы, әдебиетші,  ақын, Қазақстан  Республикасының  мәдениет қайраткері, Жаңаөзен қаласының және Маңғыстау  ауданының құрметті азаматы Өтежан Алшымбайұлының  100 жасқа толуына орай еске алу жиналысы болып өтті.

    Енді осы жылғы шілде  айында  Өтежан Алшымбайұлының  100 жылдығына орай  қаламыздағы  зейнеткерлер арасында Бильярдтан  қалалық жарыс  ұйымдастырылды. Оған Жаңаөзен  қалалық Ардагерлер ұйымының және «Мұнайгаз кешенінің ардагерлері» Республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  мүшелерінің  арасында  15 (он бес ) ардагер –зейнеткерлер қатысты. Екі аптаға созылған  тартысты сайыста Қарабай  Жұмағазиев  пен  Талғат Үсенов- төртінші орынға, Жақсылық Нұрмағанбетов – үшінші орынға, Түркменбай Досжанов – екінші орынға, Асан Бекбатыров- бірінші  орынға ие болды.

     Жақында бильярдтан  өткен қалалық сайысқа жүлдегелерді  марапаттау үшін қалалық  Ардагерлер  ұйымы  Кеңесінің жиналысы өтіп, марапатталғандарға  Арнайы Дипломдар мен Қаржылай сыйлықтар  тапсырылды.

   Жиналысты Жаңаөзен қалалық Ардагерлер ұйымы Кеңесі төрағасының орынбасары   А. Айдаров жүргізіп  отырды. Дипломдарды қалалық Ардагерлер  ұйымы Кеңесінің мүшесі  М. Өтебаев және ұйымдастыру  алқасының мүшесі Ө. Алшымбаев тапсырды.

    Жиналыс соңында  қалалық  Ардагерлер ұйымы  Кеңесінің төрағасы Ж.Күмісбаев, Кеңес мүшелері  М. Өтебаев, А. Бекбатыров, ұйымдастыру алқасының  мүшесі  Ө. Алшымбаев  сөйлеп, Өтежан ата жайында естеліктер айтты жиналысқа қатысушылар ұйымдастырылған шараға ризалықтарын білдірді.  

                                                                                            Мадина  Өтежанова.