2016 — Өзен үшін атаулы жыл. Өзен дөңінің қара маржанынан алғаш рет шашу шашылғанына биылғы желтоқсанның 15-сі күні 55 жыл толды. Бұл даңқты дата осы күнге дейін Маңғыстаудың тұңғыш фонтанының тасасында қалумен келеді. Өзен кенорны Одақ көлеміндегі үшінші ірі мұнай алаңы саналды. Сол мол қазынасының арқасында әуелі жеке аудан дәрежесіне ие болып, кейін 1968 жылы дербес қала мәртебесін алған мұнайлы қаланың даңқы жер жарып жатты.
Өзі іргетасын қалаған, одақтық маңызы бар өр өлкені: «Өзегімді жарып шыққан Өзенім» деп тебірене өлеңге қосқан Рахаңның бұлай айтуға толық қақысы бар еді.
«Әркімнің өмірінде өшпестей із қалдыратын елеулі оқиғалар болады. Мен үшін сондай оқиғаның бірі – Маңғыстауда алғаш ашылған мұнай алаңы Өзенді игеруге баруым.
1964-жылғы шілденің 15-і. Бұл – менің Өзен мұнай өндіру басқармасына басшылық қызметке тағайындалған күнім. Өзен кен орнын пайдаланудың басталған күні.
Булығып жатқан бұлақтың қайнар көзін ашып, арнаға салып жіберу – сирек кездесетін сәт. Сондай сәттің маған тап болғанына мен өзімді бақытты санаймын» деп жазды ол кейінірек.
Бұл кісі бұйрыққа қол қоюды білетін қарабайыр басшының санатынан емес әрине, маңына маман-кадрларды топтастырып, іс түйінін шеше білген білікті басшы болды. Талай бастық таққа отырып, орнынан түскен соң көбісі бұлтты күнгі көлеңкедей өз-өзінен жұрт жадынан із-түзсіз жоғалып кетіп жатады. Оны іздейтін халық болмайды. Елдің есінде қалмаған басшы — жұртқа шапағаты, халыққа қайыры тимеген, жоғарыдан берілетін нұсқауды орындаушы ғана. Ал шын басшының аты ешқашан халық жадынан өшпейді, ол туралы ел аузында жүретін естеліктер ескірмейді. Ұлағатты істері ұрпақтан-ұрпаққа ұлықталып, ғұмыр жасы естеліктермен жаңғырығып, ұзара береді. Бара-бара аты аңызға айналып, халықтың рухани батырына, әдеби қаһарманына айналады. Менің түсінігімде, Рахаң осындай басшы болған.
Шөл далаға құбырмен су тартып, тақыр жерге бақ орнатқан Рахаңның азаматтық тұлғасына бүгінгі күннің биігінен көз жіберсек асқар таудай зорая түседі. Өзеннің 55 жылдық атаулы мерекесіне жалғас Өзен тарихында өшпес ізі қалған тау тұлға — Рахмет Өтесіновтің 90 жылдығы аталып өтпек. Осы екі тауды, адам алыбы мен мұнай алыбын қатар қойып саралар болсақ, 1960 жылдардың ортасы — Өтесіновті Өзеннен, Өзенді Өтесіновтен бөле-жара атаудың өзі әбестік саналатын жылдар еді. «Біз Өзенмен біте қайнап, бірге өстік, Айыра алмас адам түгіл, Құдай да…» деп, өмірден Өзенді егізінің сыңарына балап өткен Өтесіновті бүгінгі өзендік жастар біле ме? Күні кеше сондай адам болғанын, оның осы бір шаңдақ өлкені өмірден өткенше сағынышпен еске алып, қала атанып, қаз басқан жылдары туралы зор сүйіспеншілікпен сандаған шығарма жазғанын бүгінгі кітап парақтамайтын ұрпақ біле ме? Өзі орнатқан қалада мұражайдағы аз ғана өмір-деректік мәлімет пен спорт кешені алдындағы кеуде мүсінінен өзге оны еске салатын ескерткіш белгілер жоқтың қасы. Тым болмаса, 40 жылға жуық өмір сүрген екі қабатты үйін мұражай есебінде сақтап қалуға болмас па еді? Ол жалғыз Өтесіновке көрсетілген құрмет емес, Өзен мұнайының тарихына арналған ескерткіш-ғимарат болар еді…
Рахаң – тағдырлы тұлға! Ағындап шауып келе жатқан тұлпардай нағыз тегеурінді шағында тағдырдың ауыр сынына тап болған ол жарық дүниеде 84 жыл ғұмыр кешті. Сол 84 жылдың 42-сі аяқ үстінде өтсе, 42-сін арбаға таңылумен өткізгені де тылсым құдіреттің бір көрінісі ме екен, кім білсін?
«Адам рухының беріктігі, адамшылық қасиетінің биіктігі осындай сын сағаттарда анықталмақ. Бұл сыннан екінің бірі сыр бермей өте алмаса керек. Түйенің бәрі нар емес, еркектің бәрі ер емес» («Аманат», 351 бет.) деген тұжырымды осындай тағдыр иесінің өзіне бағыштап айтуға да әбден болады.
«Рахмет апатқа ұшырады» дегенде қалың жұрты желді күнгі қоғадай жапырылды. Қайғырды. Құдайдан шыбын жанын қалдыруын сұрады. Жанынан қалың өртке қанатымен су сепкен қарлығаштай боп жан жары Сақыш шықпады. Көптің тілеуі қабыл болып, Рахмет басын көтерді. Сынбады. Қайыспады. Ұрпаққа мұра болардай кітаптар жазды»,-деп жазды замандас ағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашев.
Тағдырдың қатал сынына қайыспай төтеп бере білген нағыз адам — Рахмет Өтесінов ерлігімен таныс зиялы қауым оны Николай Островский мен Алексей Марьесевке теңеп, тележурналистер Ғаділбек Шалахметов пен Марина Голдовская «Сынақ» атты деректі фильм түсірді. Осыдан кейін оның аты аңызға айналып, бүкіл Кеңестер Одағы аспанына шарықтап кетті.
Оның атын аңызға айналдырған құдіреттің аты – еңбек еді!
Еңбек мені қайта өмірге әкелді,
Еңбек маған жаңа бақыт әперді,-деп Рахаңның өзі жырлағандай, өмірге деген құштарлық пен ерен еңбекқорлықтың арқасында қиындықты жеңе білген қаһарман жанның жазушылыққа бет бұруына Иван Титков есімді жоғары қызметте жүріп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, өмірдің біраз қиын сынынан өткен полковниктің себепші болғанын: «Жаман жазушы ешқашан жақсы кітап жаза алмайды. Ал ақылды адам ешуақытта жаман кітап жазбайды. Өйткені, ол жаман мен жақсының айырмасын жақсы біледі»,-деген Жан де Лабрюйердің сөзін келтіре келіп: «Сен жаз»,-депті. Менің байқауымша, сен ақылсыз жігіт емессің». Оның ақылы маған демеу болды. Тәуекел етіп, жазушылық жұмысты бастап кеттім,-дейді Рахаң естелігінде.
Халыққа енді мұнайшы болып емес, жазушы болып, қолына ұстаған қаламымен қызмет ете бастаған Рахаң тағы да сол іргетасын өз қолымен қалаған Өзенді сөз етпей тұра алмады. Тағдыр тезіне түсіп, өзі қалаған мұнайшылық жұмысын әрі қарай жалғастыра алмаса да, қол қусырып қарекетсіз отырып қалмай, қайрат-жігерін бойындағы шар болаттай рух-қайрағына жанып, өзі жүріп өткен күрделі де қиын, қызықты да тағылымды өмір-жолын шығармаларына арқау етуді мақсат тұтқан Рахаң енді әдебиет майданына шығып, қаламын қару етіп, өмірдің өзіндей шынайы, Өзеннің аязындай шымыр көркем туындылар жаза бастады.
«Ақиқатқа айналған арман», «Айтылмаған ән», «Алыптың ашылуы», «Алыстағы алау», «Кең Жылой», «Мұнарлы күндер», «Жолдар мен жолдастар», «Соңғы аялдама» секілді кітаптар жазып, Жылой, Өзен өңірінің тыныс-тіршілігі мен замандастарының мұнай өндірісі ісіндегі ерлігін көркем шығармаға арқау етті. Өмірдің өзінен ойып алған оқиғалар – Өзен өндірісінің шынайы тарихының жарқ еткен жарқын естеліктері болса, шыншылдықпен сомдалған кесек образдар — өзендік мұнайшылардың шеберлікпен жинақталған көркем бейнесі болатын.
Бүгінде ойлап қарасақ, табиғатында талантты, жаратылысында жақсылыққа жаны құштар жанның алтыннан қымбат уақытты босқа өткізуі мүмкін де емес екен-ау. Рахаң өзінің ғибратты өмірімен бойына атасының қанымен, анасының сүтімен дарыған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі болғанын көпшілікке мойындатып кетті.
Оның қаламынан туған мұнайшылар тақырыбындағы шығармаларды тұщына оқып, өзіміз туып-өскен Өзеннің қаһармандар терімен түзілген шежіресіне сол кітаптар арқылы қанықтық. Құр қанығып қойған жоқпыз, туған жерді Рахаңша сүюді, еңбек адамдарын Рахаңша ардақ тұтуды үйрендік. Өзіміз күнде көріп жүрген жапанға егілген жасыл ағаш секілді жайсаң қаланың сол қарапайым адамдар қолымен қаланып, құба дөңде алып бәйтеректей бой түзеген сәнді шаһардың ер жүрек мұнайшы қауымның ерен еңбегінің арқасында пайда болғанын түсіндік. Түсіндік те таңдандық. Адам деген ғажайыптың адам сенбес жасампаздығына, Алла тағаланың оған сыйлаған орасан мол мүмкіндігіне таңдандық. Сол мүмкіндікті мейілінше молынан пайдалана білген өз заманының белсенді перзенті, нағыз адам, аңыз адам – Рахмет Өтесінов бейнесі біздің көз алдымызда одан сайын тұлғалана түсті.
Қазақтың әрбір атаулы сөзінің зіл батпан салмағы бар. Азамат. Қайраткер. Тұлға. Осы үш сөзді бір адамға, біздің Рахаңа бағыштап айтсақ, бұл атаулар өзіндік салмағынан мысқалдай да кемімес еді, қайта ажарлана, айбарлана түсер еді. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов: «Рахмет Өтесінов бүкіл өмір бойы мен айта беретін бір ақиқатты дәлелдеумен келеді. Ол: адам баласы азаматтыққа, одан қайраткерлікке, ақыры санаткерлікке жету үшін ардан тууы керек те, арман қууы керек. Біздің Рахаң сондай адам» дегенде осыны меңзеген. Шешен тілге ерік берілсе, сөз қадірін жеріне жеткізе біледі-ау, шіркін!
Сөз жоқ, Өтесінов те өз заманының перзенті және жай ғана көптің бірі емес, белсенді де бірегей перзенті. Олар өмір сүрген дәуір дүбірге, даңқты жаңалықтарға толы кезең болды. Сол дәуірдің тегершігін қозғаушы жұмысшы қауымның көш басында дәл осы Рахаң секілді басшылар тұрды. Кәсіби шеберлігі мен өндіріс саласын басқарудағы іс-тәжірибесін «Өзенмұнай» мекемесін ұйымдастыру барысында толық көрсете білді. Мұнайшы отбасында туған қарапайым маман қарамағындағы жұмысшылардың жағдайын жақсартуды ешқашан күн тәртібінен түсірген емес.
Бір жақсысы, олардың алдында қолы дүние кіріне былғанбаған, азаматтық ар-ұжданы ағын судан таза, рудың емес, ұлттың ұлы бола білген, халыққа құлша қызмет еткен Нұртас Оңдасыновтай арқа сүйер ағалары, үлгі алар ардақтылары болды.
«Менің өз басымда шын ұстаз санап, табынып өткен адамдарым көп емес. Солардың бірі, дәлірек айтсам бірегейі — Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов.
Ол жалғыз мен емес бүкіл Қазақстан халқына ұстаздық еткен адам. Нұрекеңнің нақты іскерлікке құрылған жұмыс стилінен көп нәрсені үйренуге болады. Біз ол кісіні өзімізге ұстаз санадық, ел басқарудағы іс-тәсілінен, әрекетінен көп нәрсені үйрендік»,-дейді Рахаң. «Жүрегінің түбіне кір жұқтырмай» өткен осындай елдің тұтқасы бола білген Нұртас, Сафи, Саламат секілді тұлғалардың ізін басқан Рахаңның өзі және оның замандастары не деген бақытты еді?!
Ел алдындағы еңбегі Үкімет тарапынан бағасын алып, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Бүкіл ғұмырын мұнайға арнаған әулеттің отағасы Өтесін ақсақал да «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» орденді, Атырау аймағына белгілі мұнайшы болатын.
Р.Өтесінов «Айтылмаған ән» повесіндегі Сыбан деген кейіпкерінің аузына: -Бүкіл елдің қарап отырғаны – мұнай. Біздің еңбегіміз сол мұнайдың өнімімен өлшенеді,-деген сөз салады.
Бұл да — тағы сол Өзен туралы. Мұнайшылардың балаларынан «Кім боласың?» деп сұрай қалсаңыз, «Мұнайшы боламыннан» басқа жауап ала алмас едіңіз. Өйткені көзін ашқаннан көргені – мұнай мұнаралары, еліктеп өскені – мұнай мамандары, күнделікті күнкөрісі мұнайға байланысты, сондықтан табынары да, арманы да – мұнай»,-деген екен Рахмет Өтесінов.
Бұл сөз бізге арналып айтылғандай көрінеді маған. Мұнай барлаушы отбасында туып-өскендіктен біз шынында да өмірімізді мұнайсыз елестете алмайтынбыз. Әр үйден кемінде бір мұнайшы шығатын Өзен аймағы үшін бұл қалыпты жағдай болды. Еңбек жолымызды мұнайшылықтан бастадық. Мұнай біздің өміріміздің мәніне айналды. Әрбір жастың арманы – мұнайшы болу еді. Сондықтан заманына сай адамы демекші, ол кездегі жастардың «жұлдыздары» бүгінгі жастардікіндей – тележұлдыздар емес, еңбек батырлары – қаһарман мұнайшылар болды. Ал ол батырлар халықтың өз арасынан қайнап шыққан ұлдары мен қыздары еді.
Елбасымыздың «Еңбек адамына құрмет көрсетілуі керек» деген орынды сөзі осындай ерлердің атын ардақ тұтуды мақсат етпей ме?
Не үшін келдім, не қалдырдым артыма?
Түсіндім бе бұл дүниенің парқына?
Ақтадым ба ақ сүтіндей анамның,
Аманатты, қызмет етіп халқыма?-деген сауалды Рахаң өзіне қоя отырып, өзгелерді де еріксіз ойлануға мәжбүрлейді. Шынында да, кез-келген саналы адамның өзіне-өзі есеп беруі заңдылық. «Өмірге не үшін келдім? Не тындырдым?» деген сұрақ ертелі-кеш әркімді де бір мазалары белгілі. Сондағы: «Халқыма адал қызмет ете алдым ба?» деген Рахаңды қинайтын сұрақ, халықтың әрбір азаматын қинаса шіркін!?
Оқырманына арнаған соңғы сөзі секілді — «Соңғы аялдамада»:
«Менің көңіліме медеу тұтарым – менің өмірімде Өзен болды. Қай белестен қарасам да, артымда қол бұлғап Өзен тұрады. Алла тағаланың мені лауазым баспалдақтарынан аттап өтіп, жоғары өрлеп бара жатқан жерімнен күрт қайырып әкеліп, Өзеннің ала шаңына салғаны – сенің тағдырың осы дегені шығар. Әйтпесе, мен де көп шенеуніктің бірі болып елеусіз қалар ма едім, кім білсін?!» деп ағынан жарылған автор бір өлеңінде өзінің шығармашылық мақсаты туралы:
«Айтылмаған әнім бар, айтып кетем,
Айтпай оны дүниеден қайтіп кетем?!
Мұнараның шығып ап шекесіне,
Мұнай жайлы біреулер айтып па екен?
Айту парыз білгенін білесіге,
Демек, менің тиеді үлесіме…» деген болатын.
Бұл мақсатына, ол әрине, жетті.
Аға ұрпақтың қолымен қаланып, әлем картасына аты жазылған Өзен-Жаңаөзен бұл күнде өркен жайып, аумағы өсіп, халқының саны артты. Қала сән-салтанаты да жаңарып, жасана түсуде. Оның тарихын жақсы білетіндер бұл қаланы — «Өтесіновтің Өзені» дейді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
К 85-летию писателя, потомственного нефтяника, основателя города Новый Узень Рахмета Утесинова |
16.01.2012 / история |
Сатимжан САНБАЕВ, писатель, «Казахстанская правда», 13 января Он жил насыщенной жизнью. Сорок два года каждый день на заре у него была обязательная часовая гимнастика, потом легкий завтрак, и в восемь утра он садился за письменный стол. В середине дня позволял себе короткий отдых и снова принимался за работу: писал книги. А по ночам донимали боли. Но у него была своя наука, он давно научился терпеть и обходиться без обезболивающих лекарств. «Для человека, понимающего жизнь как подчинение своей личности закону разума, боль не только есть зло, но есть необходимое условие как для его животной, так и разумной жизни, – писал Лев Толстой в своих рассуждениях «О жизни». – Не будь боли, животная личность не имела бы указания отступления от своего закона». Он не был затворником, хотя постоянно находился дома, ибо часто звонил телефон и непрерывным потоком шли письма. Каналы связи с внешним миром не бездействовали. Нурлыбек после автомобильной аварии оказался в тяжелом положении. Травма бытовая, как квалифицировали врачи, пенсия мизерная, как положено в таких случаях. Зарплаты жены, работавшей медсестрой, едва хватало на пропитание семьи, в которой росли трое детей. А надо было долго лечиться, часто ложиться в больницу, попасть на курорт. Порой от отчаяния опускались руки, а бывало, в голову лезли страшные мысли о своей бесполезности. И тогда он позвонил человеку, тоже однажды попавшему в схожую ситуацию. И не ошибся в своих ожиданиях. Рахмет-ага позвонил руководителям управления «Узеньнефть», используя свой непререкаемый авторитет, добился того, чтобы Нурлыбека зачислили техником-чертежником. Зарплата спасла бедствующую семью инвалида, а человек обрел силу. «Узнал, что Вы занимаетесь проблемой предотвращения застывания нефти с высоким содержанием парафина при ее транспортировке по трубопроводам, – писал ученый-химик из Новосибирска. – Хотел бы предложить Вам оригинальный химический метод…» Вот лишь несколько строк из писем самого Рахмета-ага учащимся школы украинского города Шепетовка, в котором родился знаменитый писатель Николай Островский, и студентам Рижского политехнического института. Здесь настораживает некоторая патетичность высказываний, да и сами утверждения знакомы на слух, но для меня интересно сравнение с деревом пустыни – саксаулом. А в наших солончаковых краях саксаул не растет. Растет дикий финик. Но ипостась у них одна. Издалека видно в пустыне это дерево – давно растет наш серебристый лох или джида, как еще в степи называют обыкновенный дикий финик. А подойдешь поближе, рассмотришь старого знакомого: стоит родное – ободранное, обломанное, видавшее виды. Когда-то, помнится, оно украшало эти суровые солончаковые места, заскорузлые ветви весной покрывались густой зеленой листвой, а осенью рдели полновесными сладкими плодами, принося радость шумной детворе. Прошли годы, но и сейчас оно готово укрыть под короткой своей тенью путника, изнемогающего от испепеляющих лучей солнца. Тем и живет вековое дерево, выдерживая и удары судьбы, и принося пользу людям, словно бы доказывая правдивость слов еврейского философа Гилельса: » Если я не за себя, то кто же за меня? Если я только за себя, то зачем я?» Я давно знаю этого человека, которого судьба пыталась обломать, да не смогла. Корни его глубоко в земле, и, конечно же, не вдруг образовалось это тайное согласие земной природы с духовной сущностью человека. Впервые я увидел Рахмета Утесинова в далеком 1951 году, когда он после окончания Московского нефтяного института имени Губкина приехал на работу на нефтепромысел Макат. Он работал начальником цеха по добыче нефти, в нем кипела неуемная энергия, и он тратил силы, нисколько их не жалея. Вероятно, воспоминаниями о тех далеких днях молодости было навеяно его аллегорическое сравнение жизни человека с деревом пустыни – саксаулом. Для нас, учащихся средней школы, каждый инженер, получивший образование во всемирно известном московском институте, казался посланцем из другого мира. Рахмет Утесинов в самом деле изменил давно сложившийся ритм жизни поселка нефтяников, и в последующие несколько лет с его именем связывали все новшества производства, работал ли он в Макате или уже в Кульсарах, ибо жизнь обитателей Эмбинского региона напрямую связана с количеством добытой ими нефти. Везде только и говорили: «Гравийный фильтр Рахмета Утесинова», «Передвижной приемный мостик для подземного ремонта Рахмета Утесинова»… Он щедро делился плодами знаний, приобретенных в Москве. Да и трудился он ведь на родной земле, неброской на вид, более того, суровой по нраву, как бывает в местах, богатых подземными сокровищами; такая земля и привечает подобных себе – таких, кто возводит работу до уровня жизненного долга. Тут мы имеем дело с нравственной категорией, и неизвестно, как она проявляется в человеке: идет ли от жизненных принципов дедов или от вечной твоей родной земли, живет в твоем бесхитростном, но неистребимом народе, или же, наконец, все это, выступая в совокупности, находит незамутненную чистую душу человеческую, в которой, как в капле чистой воды, отражается весь генетический опыт человеческого рода. Такие люди всегда на виду, и в них во все времена нуждалась и официальная идеология. Не минула сия чаша и Рахмета Утесинова: ему предложили перейти на партийную работу. Он ответил отказом, ему дали понять, что не он выбирает работу, а ему выбирают. Это был почти ультиматум. И за примером непослушания далеко не надо было ходить: совсем недавно секретаря райкома, пожелавшего перейти на работу по своей специальности, направили обыкновенным рабочим на захудалый нефтепромысел. И стал молодой инженер Рахмет Утесинов партчиновником: работал первым секретарем райкома, заведующим транспортно-промышленным отделом обкома партии, потом еще выше – крайкома… И после пяти лет партийной работы не выдержала душа потомственного нефтяника. На полуострове Мангышлак открыли крупнейшие залежи «черного золота», и Рахмет Утесинов поставил вопрос ребром: пошлите на производство. Он мыслил логично: дальше Мангышлака, где когда-то отбывал ссылку Тарас Шевченко, наверное, не пошлют. Его направили на партийную низовую работу, а спустя год (было это в 1964 году) поручили организовать первое нефтедобывающее предприятие в местечке Узень. В почти безлюдной степи за короткое время образовался коллектив нефтяников, состоящий из представителей 50 национальностей: специалисты прибыли из Баку и Красноводска, из Грозного и Уфы, Поволжья и Кубани. Через год, 10 июля 1965 года, первая мангышлакская нефть пошла на «большую землю», и пошла она из Узеня. Добыча нефти постоянно наращивалась, за первые пять лет годовой объем вырос до пяти миллионов тонн. Рядом с казахским аулом Узень вырос город Новый Узень, стоивший Рахмету Утесинову немало нервов и сил. Залежи нефти на Мангышлаке были колоссальными, но земля не собиралась ее легко отдавать людям. В здешней нефти оказалось высокое содержание парафина… Он застывал в пути, образовывал тромбы, и нефть переставала течь по трубопроводам. Ученые ничего не могли противопоставить этому явлению, не имевшему аналогов в отечественной нефтяной промышленности. В результате долгих поисков появились миниатюрные печи на выкидных линиях длиной в 3–5 километров, печи с огневым подогревом, разработанные Р. Утесиновым, А. Дергачевым и А. Стремским. Позже они были усовершенствованы, снабжены элементами автоматики и стали выпускаться уже серийно под названием УН-02. Сейчас добычу парафинистой нефти трудно представить без этих печей. А планы росли как должно: перед мангышлакцами поставили задачу довести годовую добычу нефти до 20 млн. тонн. Но Рахмету Утесинову, первому начальнику нефтепромыслового управления «Узень», организованного в 1964 году, не суждено было участвовать в реализации этого грандиозного плана. Он ехал в Шевченко (Актау) на совещание, когда машина перевернулась несколько раз. Это случилось в октябре 1969-го. Рахмету Утесинову было 42 года. Почти семь месяцев он был прикован к больничной койке, врачи, боровшиеся за его жизнь, смогли добиться лишь того, что он навсегда пересел в инвалидную коляску… С той поры и началась тяжелейшая борьба Рахмета Утесинова за свое место под солнцем, продлившаяся вторую половину жизни в 42 года. В первое время представлялось: силы неравны, недуг сломит, боли были страшные. Но странное дело: тело не повиновалось ему, а дух креп. Об этом в 70-е годы писалось много, снимались фильмы. Зрители, наверное, помнят нашумевшую документальную ленту «Испытание», снятую режиссером Мариной Голдовской по сценарию Гадильбека Шалахметова. Фильм был удостоен премии Ленинского комсомола, затем его отметили почетным дипломом на 20-м кинофестивале документальных фильмов в Лейпциге… Говорят, душевная энергия человека не восполняется. Определенная логика в этом, конечно, есть, но искусство состоит в том, чтобы эту самую энергию переплавить в духовные ценности. И тут определяющим фактором становится отношение близких людей, создание среды, которая помогает человеку реализовать все свои явные и скрытые способности. И счастье Рахмета Утесинова, что рядом с ним была женщина удивительной душевной доброты и тонкого чувства. Ее зовут Сакыш Кабдрахмановна Карабалина. Она родила ему четверых детей, находилась рядом с Рахметом-ага все те тяжелые семь месяцев, когда он метался на больничной кровати между жизнью и смертью, это она привезла его домой в коляске. И долгие годы ухаживала за мужем, не потакая ему в минуты слабости и не выказывая своей усталости. И удавалось Сакыш Кабдрахмановне совмещать нелегкие семейные хлопоты с работой директора той самой первой Узеньской школы, в которую пошли дети первых мангышлакских нефтяников. Недалеко от города на некрополе Кошкар-Ата покоится прах отца Рахмета Утесинова – старого нефтяника, умершего через месяц после той злополучной аварии, в которую попал его сын Рахмет. А сам Рахмет Утесинов скончался 8 января 2011 года, не дожив до прошлогодних событий в его любимом городе Жанаозене. Далеко за моим родным поселком нефтяников Макат, в стороне от древней караванной дороги, идущей на Мангыстау, стоит то самое вековое дерево, которое осталось в нашей памяти на всю жизнь. Говорят, заезжие водители путают наш старый лох с саксаулом. Им трудно представить, что в счастливую пору молодости он был серебристым, шумел густой листвой, в пору зрелости одаривал нас плодами. А сейчас он зовет усталых путников, тех же жителей Жанаозена, посидеть в тени, набраться сил и поразмышлять о долгах своих земных. Пусть они помнят, что пережил в своей жизни и сотворил Рахмет Утесинов. |
ЖАЛҒАСҚАН ЖОЛ
«Уа, Құрманғазы баба! «Көбік шашқан» күйіңнің қалай туғанын енді ғана түсіндім. Каспийдің долы толқынынан сол күйіңнің өршіл сарынын естігендей болдым, сенің өр тұлғаң теңіз төрінен көзіме шалынды. Сен тірісің! Сенің күйшілік құдіретіңе күш берген, шабытыңды шалқытқан кәрі Каспий тұрғанда саған өлмек жоқ. Сен мәңгіліксің!».
Каспийдің жағасында, теңізден ескен самал желге кеудесін тосып, қоңырқай көздерін сонау алыс беткейге, теңіз өріне тігіп тұрған сұңғақ бойлы, бидай өңді жігітке келген ойлар осы болды. Бұдан тұп-тура бір ғасыр бұрын осы жағаға келіп, Атыраудың тасығанын өз көзімен көріп, теңіздің дүлей күшінен шошынған Құрманғазы қасына ерген Қашаған жырауға:
— Жырла, жырла мына тасыған теңізді, бұлқынған күшті, жұлқынған толқынды! Каспийдің тасығаны — ғаламат күштің оянғаны, — деген екен.
Қашаған жыраудың «Көбік шашқан» дастаны, Құрманғазының осы аттас күйі осылай туса керек.
Мына тұрған жігіт кейін өзі де осы тебіренген Каспийді, мүлгіген Маңғыстауды, құйыны үйірілген Үстіртті жырға қосып, бұл өңірдің қайта құлпырған ғажап өмірін ән ғып айтатынын өзі де сезген жоқ еді.
Рахмет Өтесінов еді бұл. Ол Ембі өзенінің көкорай шалғын жағасында, ата кәсібі мұнайшылық болған Жайлыбай қарттың жыртық лашығында дүниеге келді.
Үстірт елінде ботасы өлген інгенге жоқтау айтатын тамаша дәстүр бар. Сондайда бар дүниеден күдерін үзіп, не шөп жемей, не су ішпей, өлімге мойын ұсынып жатқан аруана зарлы сарынды естігенде көздерінен жас парлап, жатқан орнынан тұрып кетеді екен. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп, тіршілік қамына қайтадан кіріседі екен. Анда-санда ботасын жоқтап боздаған кезде, бар дала інгенге қосылып зар айтқандай болады екен. Бұл ән жоқтау болғанымен, өмірді жырлаған құдіретті ән-тін.
Рахмет, міне, осындай елде өсті. Оның бойына шын азаматқа тән қасиетті, елгезектік, мейірбандық мінезді сол әндер дарытты. Еліне, жеріне деген іңкәрлік, мөлдір махаббат бар еді онда. Белгісіз бір сағыныш құшағына сүңгіген жігіттің лүпілдеген жүрегінің тынымсыз дірілі бар еді онда. Алыстағы адырдан әрең талып жеткендей болған сарыны сазды, әуені назды сол бір әндер оның жүрегін атша тулатты, арманын әлдеқайда асқақтатып әкетті. Сондықтан болар, ол өзінің тұңғыш кітабын «Айтылмаған ән» деп атады.
Бірақ мұның бәрі кейін болады, Рахмет кітабын кейін жазады. Сондықтан біз әуелі, сонау елуінші жылдары Рахметтің Москвадағы академик Губкин атындағы мұнай институтына түскен шағына тоқталайық. Рахмет көзінен екі ел тысқары қылмаған әкесі, осы Ембі-Доссордың байырғы мұнайшысы Жайлыбай қарт сол күні оңаша шығарып алып, әкелі-балалы екеуі отырып ашық сырласқан еді.
¾ Ұлым, Рахметім, — деді сонда әкесі. Адам баласына жалғыз-ақ өмір берілетіні секілді, оның тек бір ғана асқар таудай ұлы арманы болғаны керек. Ол арман саған қанат бітіреді, дүр сілкіндіреді, сені қияға жетелеп, таудан да асырады, мұхиттан да алып өтеді.
¾ Ұқтым! — деді Рахмет.
¾ Біз кейде тұрмыстың құлымыз. Ол нашарласа — өшкенің, ол жақсарса— өскенің. Оны өсіре білу де өнер. Жақсы жағдайды көре білу де, жаман жағдайға көне білу де үлкен қасиет. Сенің бойыңнан сол қасиетті көргім келеді, ұлым. Сенің басыңа бақыт құсы қонғанын көргім келеді, құлыным! — деді әкесі.
¾ Ұқтым! — деді Рахмет.
«Уа, адамдар, біле білсеңдер, ол құсты шырқау биікке алып ұшатын қанат бар, ол құсты көксеген жеріне жеткізетін талап бар. Ол құстың көкірегіндегі арманы аспаннан құйылатын әсем ән боп төгіледі. Ол құстың жүрегіндегі сыры айлы түні алыстағы жұлдыз боп жарқырайды. Сол әннің айтылмай жатып таусылғаны қиын, жұлдыздың мезгілі жетпей сөнгені жаман! Әсем гүлдің ажары тым ерте солса, сол қиын, көрікті елдің базары тым ерте тарқаса, сол қиын.
Заманыңның дауылы тұр алдыңда! Тағдырыңның жауыны тұр алдыңда! Өмір қойған көп сұраққа өзің іздегейсің жауапты. Өмір тосқан шиырдың өзің шешесің қиынын. Себебі, сенің алдыңда кейде сүрінетін, кейде мүдіретін, кейде тұйыққа тірейтін, кейде биікке сүйрейтін небір неғайбыл жол жатыр».
Әкесі айтқан сөз Рахметтің есінде мәңгілік қалды. «Құдай бермегенді мұнай береді» деп, жер астынан кейде жылап, кейде тулап аққан мұнайға табынған қарапайым жұмысшы семьясында өскен ол заманының дауылына да, тағдырының жауынына да дайын боп қалыптасты.
Жаратылысынан шалт қимылды, неге де болса бел шешіп, белсене кірісетін Рахмет Маңғыстауға келіп, «қаланы осы жерге саламыз» деп тұңғыш қада қағып, алғашқы күркені тұрғызғанда отыз алты жаста еді. Оның қасында он шақты бұрғышы, бір прораб, жалғыз аспазшы бар-тын. Ауыз шаяр суы, ит жатар көлеңкесі жоқ, баябан шөлге ұқсас, борпылдақ құмды осынау жалпақ даланы осы келген бір топ адам оятты. Даланы дүбірлеткен олардың үндерінен қарсақ қашып, қанды тырнақ көкжал қасқырлар да үркіп кетті. Көз мүдірер бұдыры жоқ құла дүз, жапалақ ұшпас жапан далаға қала орнады. Бұл жерді ежелден мекендеген некен-саяқ қазақтар өздерінің түпкі армандарын сырттарына шығарып, мына шөлді өңірді «Өзен» деп атапты. Мұнай қорының молдығы жөнінен даңқы бүкіл елге мәшһүр болған осы қала «Жаңа Өзен» деп аталды.
«Жаңа Өзен» осы. Баяғы заманда аспанында жұлдыздар ғана мұңая мүлгіген бұл қалада самаладай жарқырап электр жарығы жанды, асфальт көшелер салынды, биік әсем үйлер тұрғызылды, жауын-шашынды жылдары ғана жусаны көгеретін, тұщы суы да жоқ cap далада жасыл желекті бақ жайқалды. Бұл қалаға еліміздің түкпір-түкпірінен ауыр жұмысты мехнат емес, рақат деп білген жастар ағылды. Жаңа Өзен — жастар қаласына айналды, құрыш білек еңбек дүбірі осында асқақтады, махаббат әні осында айтылды.
Жаңа қала Жаңа Өзенде тұңғыш ұйымдастырылған мұнай кәсіпшілігінің тұңғыш бастығы Рахмет Өтесінов болды. Бұл мұнай парафин секілді аралас қою заты бар оны жер үстіне шығару ауыр еңбекті ғана емес, алғыр инженерлік ойды, дүлей табиғатпен тайталаса білетін тапқырлықты талап етті. Мұнай өндірісінің жуан ортасында жүрген Рахметке бар іске басшы, мықты ұйымдастырушы ғана емес, мұнайды көл-көсір етудің тиімді тәсілін іздеуші жаңашыл инженер болуға тура келді. Творчестволық ізденістің азапты да, рақатты жолына ол осылайша инженерлік еңбек арқылы түсті. Өндірістік творчество мен қаламгерлік творчество әрдайым қатар оянатынын, бұл екеуі үнемі сапарлас екенін, — бұл ежелден белгілі қағида болғанымен Рахмет оны өз өмірі, өз тәжірибесі, өзі кешкен мехнаты, түн өрінде мазалаған ауыр ойлар, сарыла атқызған таңдары, түңілдірген қасіреті, ал кейде қанаттандырған қуанышы арқылы сезінді.
Сонымен, Маңғыстау түбегіндегі жаңадан ашылған алып мұнай кәсіпшілігінің тұңғыш басшысы инженер Рахмет Өтесінов облыс орталығы — Шевченко қаласында өткізілетін Бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференцияға «Волга» машинасымен заулатып келе жатты. Конференцияға Татарстан, Азербайжан, Башқұртстан, РСФСР-дан, Москва, Ленинградтан мұнай өндірісімен шұғылданатын ғалымдар келеді, шетелдерден де қонақтар қатысады. Міне, осы конференцияда өзі ашқан жаңа тәсілі жайлы ғылыми баяндама жасамақ ол. Бұл баяндамасын ғалымдар құптаса, Рахметтің болашағы айқын аңғарылып, абыройы аспанға көтерілмек. Ең бастысы өзі таза, әрі арзан мұнай алудың, сөйтіп ел байлығын молайтудың тиімді де өнімді көзі ашылмақ.
Арман осындайда асқақтамағанда, қайда асқақтайды? Тәтті қиял осындайда астыңа мінген «Волгадан» да қатты зауламағанда, қашан заулайды? Алдында биік меже, үлкен еңбек, ал ең негізгісі, өз өміріндегі басты арманы орындалғалы тұрғанда, жігіт жүрегі неге атша туламасын? Неге өрге шапшымасын? Қуанышы неге лапылдамасын?
Бірақ… Бірақ… Әттең, осы «бірақ» деген сөз!
Рахмет күтпеген қайғыға кездейсоқ жолықты. Асфальт жолмен атқан оқтай зулап келе жатқан машина кенет оқыс бұрылды да, жол шетіне қарай қисайып, екі-үш рет аунап түсті. Сол-ақ екен, Рахметке аспан аударылып түскендей, жер-көк төңкеріліп кеткендей болды. Әлгінде ғана қиял құшағында келе жатқан жігіт, еліне де, жеріне де берері мол есіл ер, кірпігі әрең қимылдап, арындаған ажалмен ақтық күшін салып, арпалысып жатты. Көздері түк көрмейді, ал құлағында — бір ызың, бір сарын…
Тепсе темір үзетіндей, арқыраған асауды арқансыз-ақ ауыздықтап алатындай Рахмет осылайша бір сәтте мүгедек болып қалды. Төбесіне қара бұлт үйірілді, қасірет туманы бір күнде қаумалап алды. Кешегі сайрап жатқан даңғыл жолы тұйыққа тірелгендей болған ол, не дегенмен теңіз ұлы емес пе, тұңғиықтан малтып шығудың жолын іздеді, үміттене іздеді… Қалай, қалай табады оны? Табыла ма ол?…
«Дүниеде қарадан ақ басым, жаманнан жақсы көп» дегендей, Рахмет дағдарған сол күндері оған жоқтау емес, жанына демеу болар сөз айтып, адамдар келді. Оның кеудесінде сөнуге айналған үміт сәулесін «Правда» газетінің сол кездегі тілшісі Ыбыраев Бөгенбай қайта тұтатты. Өзгенің қайғысын өз қайғысындай көрген оның «Тағдырмен тайталас» деген очеркін оқыған, жапан далада жалғыз қалса да, тағдыр талқысына тайсалмастан жалғыз шапқан есіл ердің өмірімен сол очерк арқылы танысқан режиссер Марина Голдовская мен журналист Ғадылбек Шалахметов ол туралы «Сынақ» деген телефильм түсірді. Бұл фильм тоғышарлыққа қарсы күрестің жалауын көтерді, әділет ұранын аспандата айтты. Өмір дабылын қаққан бұл фильм бүкіл Одақты аралап, одан соң Лейпцигтегі дүниежүзілік көрмеде көрсетіліп, оның алтын медалін алды, фильмнің авторларына Ленин комсомолының Бүкілодақтық сыйлығы берілді. Ал, ең бастысы, Рахметке төнген қара бұлт ыдырап, тұман серпілді, күн қайта шықты.
Miнe, осы тұста Рахметке оның бала кезінен досы, мектептес құрбысы, жазушы-ғалым Зейнолла Қабдолов келіп:
¾ Уа, таубұзар! — деді, ескі досты емірене құшақтап. — «Алтын кездік қап түбінде жатпас» деген. Қанатың қайырылмапты, қайта қатайыпты ол. Өмірдің ащы-тұщысын сенен көп татқан, жақсы-жаманын сенен көп көрген ешкім жоқ. Отыра қал да, жаз соларды. Шығарма шындықтан туады десек, шындық — өмірден туады. Жаз өмірді!
Тағдыр өзіне қатал келіп, тым ерте ғаріп болған Рахмет: «қоғамның не қажетіне жараймын, не кәдеге асамын?» — деп жүргенде Зейнолланың бұл сөзі оның кеудесіне тағы бір үміт дәнін екті, алыста тұрған арманына қайта жетеледі. Сөйтіп…
Иә, сөйтіп, мұнай жолындағы күрестің бел ортасында жүріп сан ғасырлар мүлгіп жатқан Маңғыстау түбегінен мұнайдың шын мәніндегі түпсіз кенін ашып, құмды бораны күндіз-түні ұйтқыған құла дүзде қала ашқан адамның тағдыры бір күнде бағытын өзгертіп, қолына бұрғы орнына қалам алғызды, өз көрген-білгендерін, өмірден түйгендерін, небір қиын кездері қасынан табылған замандастарының бастан кешкендерін қағазға түсіртті. Николай Островский жазушылықтың азапты жолына азамат соғысының алапат даласынан келсе, инженер Рахмет Өтесінов ұлы дәуірдің ғаламат дүбірі сілкінткен еңбек майданынан келді. Екі аяқтан айрылған Алексей Мересьевті ұлы Отанына деген шексіз махаббат, жауларға деген шетсіз өшпенділік қолына қайта қару алдырса, басына Мересьевтің тағдыры туған инженер Рахмет Өтесіновті бойындағы бар өнерді, мүмкін, ақтық байлығын «еліме беріп кетейін» деген ой жазушылық үстелге отырғызды, оған өз өміріндегі ең әсем, ең ғажап әнді айтқызды. Ол өзінің алғашқы кітабын «Айтылмаған ән» деп атады.
Рахмет Өтесіновтің мұнайшылар туралы: «Айтылмаған ән», «Алыптың ашылуы», «Алыстағы алаулар» трилогиясы, міне, сондай еңбек. Осыдан біраз бұрын жарық көрген бұл трилогия, Қазақстандағы мұнай өндірісінің тууы, дамуын баяндаған бұл шығарма, қазақ мұнайшыларының азапты да ардақты еңбегін Жыр еткен бұл кітап, әттең не керек, орыс тіліне әлі аударылған жоқ. Рахмет салған ән орыс тілі арқылы Одақ оқырмандарына әлі жеткен жоқ. Бұл игілікті іс те өз Ыбыраевын, өз Шалахметовын күтіп тұр.
Сонымен…
Осындай мазмұнды шығарма, шығарма емес-ау әсем ән туғызған инженер Рахмет Өтесіновтің өзі де жырға айналды. Еңбектегі ерен ерлігін мүгедек болса да әрі қарай жалғап, Николай Островскийдің әдебиеттегі, Алексей Мересьевтің майдандағы деңгейіне көтерілген Өтесінов жайында заманымыздың үлкен ақыны Роберт Рождественский былай деп жырлады:
Бәрі де махаббаттан басталады!
Ел айтты: «жай сөз еді баста бәрі»
Мен болсам өз сөзімді қайталаймын:
Бәрі де махаббаттан басталады.
Жұмыс пен жарық сәуле санадағы,
Гүл көзі, сәбилік көз баладағы —
Бәрі де махаббаттан басталады!
Бәрі де махаббаттан!
Білем соны,
Бәрі де, — былай қойсаң басқаларын —
Жек көру — махаббат қой ұлы, еңселі!
Бәрі де махаббаттан басталады:
Шарабың, арманың мен қорқынышың
Қасірет, сағыныш пен ерлік ісің —
Көктем боп сыбырлайды: «Жаса, мәңгі!»
Біздің бәріміз қыршын кеткен аяусыз жазушымыз Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романындағы көмір инженері Рахметтің үлгісіне еліктеп өстік. Ал, адам жанының инженеріне айналған мұнай инженері Рахмет Өтесіновтің бұл ғажап ерлігіне, ерен еңбегіне, өршіл өнеріне, ең бастысы оның күштілігіне қалай тәнті болмассың, қалай бас имейсің?!
Оразбек БОДЫҚОВ
«Қазақ әдебиеті»,
14 қараша, 1986 ж.
Қуаныш Жиенбай
Таңғажайып тағдыр
Судьба человека
«Человек начинается с убежденной страсти сделать что-то для людей. Сколько этой страсти – столько самого человека, столько его счастья», – писал школьникам украинского города Шепетовка легендарный казахстанский нефтяник Рахмет Утесинов, которому в нынешнем году исполнилось бы 90 лет.
Этот город – родина знаменитого писателя Николая Островского, вдохновлявшего и самого Рахмета-ага, который половину своей жизни был прикован к инвалидной коляске, но успел сделать столько, сколько и здоровому не под силу. Автор десятка изобретений и рационализаторских предложений по технике и технологии добычи и транспортировки нефти, более 10 высокохудожественных произведений вел диалог со своей жизнью на равных. «Это неправда, что трудная судьба укорачивает жизнь человека. Скорее наоборот, она делает человека крепким, закаливает до выносливости саксаула», – утверждал он, обращаясь к студентам Рижского политехнического института. Сотням страждущих, попавших в расцвете сил в безвыходную, казалось бы, ситуацию продолжают помогать эти слова и пример его жизни в целом, талантливо отраженный в телефильме «Испытание» (созданном Гадильбеком Шалахметовым и Мариной Голдовской).
Начать с азов
«Надо верить и доверять молодежи. Она очень талантлива. Надо направлять их таланты в нужное русло», – убежденно говорил Рахмет-ага в одну из последних наших встреч, вспоминая, как много значила моральная поддержка для него лично. Тягу к нефтяному делу Рахмет Утесинов унаследовал от отца – ветерана нефтяной Эмбы, кавалера орденов Ленина и Трудового Красного Знамени Утесина Жайлыбаева, оператора подземного ремонта скважин на нефтепромысле «Доссор». В этих местах семья обосновалась в голодных тридцатых, спасаясь от голощекинского произвола.
В трудные послевоенные годы, когда хлеб распределялся по карточкам, Рахмет-ага на отлично освоил программы Московского института нефти и газа им. Губкина, с тем чтобы начать свою карьеру с мастера. «В феврале 1951 года, по окончании вуза, меня направили в «Эмбанефть» и предложили на выбор две вакансии: инженера и мастера, – вспоминал аксакал. – Я решил начать с азов: начал с мастера по добыче нефти, затем стал начальником цеха, потом главным инженером и директором».
И уже первые шаги в этой должности показали эффективное воплощение знаний в практику. «Тов. Утесинов является активным рационализатором, он внес предложение о специальной конструкции гравийного фильтра, внедрение которого решило проблему борьбы с образованием песчаных пробок в нефтяных скважинах промысла Комсомольский», – свидетельствуют о том периоде архивные материалы. Только спустя шесть лет, в августе 1957 года, Рахмет Утесинов соглашается стать директором промысла «Кошкар».
Без выходных и праздников
«Если браться за дело с полной отдачей, то любое дело можно осилить», – любил повторять Рахмет-ага. Загруженный обязательствами сверхплановой добычи (страна остро нуждалась в «черном золоте»), он ведет большую общественную работу: помимо обязательного участия в работе местного райкома партии и поселкового совета, инициирует и возглавляет кружок по изучению конкретной экономики. И щедро делится знаниями и производственными навыками со всеми желающими, а таковых, к счастью, вспоминал Рахмет-ага, оказалось много среди молодых и старых. «Мы привыкли к беспрерывному ритму жизни, к неделям без выходных и месяцам без праздников», – без тени сожаления говорил аксакал.
В записке от 27 ноября 1958 года, адресованной знаменитому Нуртасу Ундасынову (в то время секретарю Гурьевского обкома Компартии республики) говорится: «За 11 месяцев 1958 года коллектив промысла «Кошкар» дал сверхплана 4 600 тонн нефти. Им досрочно был выполнен план добычи нефти за истекший период. За оставшееся время они обязались дать еще 100 тонн нефти». А спустя год, отмечается в другом отчете, «…только один промысел «Кошкар» дал 5 583 тонны нефти сверх плана, которая составляет половину всей добытой сверхплановой нефти по району»…
Так на деле воплотил свои знания и любовь к профессии молодой специалист Рахмет Утесинов. Как свидетельствуют архивы, нефтяники использовали его и активно внедряли другие рационализаторские идеи, значительно улучшающие качество добычи нефти. На возглавляемом им промысле «Кошкар», пожалуй, впервые в Западном Казахстане были внедрены автоматизация и телемеханизация глубинно-насосных скважин. «Рахмет Утесинов изменил давно сложившийся ритм жизни поселка нефтяников… с его именем связывали все новшества производства, работал ли он в Макате или уже в Кульсарах, – отмечал в одной из своих статей земляк аксакала, писатель Сатимжан Санбаев. – Ибо жизнь обитателей Эмбинского региона напрямую связана с количеством добытой ими нефти. Везде только и говорили: гравийный фильтр Рахмета Утесинова, передвижной приемный мостик для подземного ремонта Рахмета Утесинова…
«Тов. Утесинов хорошо разбирается в вопросах экономики предприятий нефтяной промышленности и технологии добычи нефти, настойчиво борется за внедрение в производство прогрессивных методов и новой технологии, умело организует работу по использованию действующего фонда скважин промысла», – пишет в конце мая 1959 года уже сам Нуртас Ундасынов. Заинтересованный в обеспечении такого уровня по всему западному региону, партийный руководитель хлопочет о выдвижении Утесинова на пост партийного руководителя.
С чистого листа
«То было время острой нехватки кадров, и партии нужны были люди, хорошо знающие производство, нужды людей, – вспоминал Рахмет-ага. – Но я прикипел душой к своей работе нефтяника, и партийная работа, честно сказать, меня тяготила. В это время на Мангышлаке один за другим открывались нефтегазовые месторождения, я стал проситься туда. И в 1964 году меня утвердили в должности начальника нового нефтегазодобывающего управления «Узеньнефть». Начинали с чистого листа: когда я приехал на место, то увидел посреди голой степи десять вагончиков геологоразведчиков. Вот и все хозяйство». Однако уже через год, а именно 10 июля 1965 года, отсюда пошла первая мангышлакская нефть, и вскоре Рахмет-ага заложил первый кирпич для города Новый Узень, куда стали стекаться специалисты из Баку и Красноводска, Грозного и Уфы, Поволжья и Кубани. И вновь благодаря подходу Рахмета Утесинова центральные газеты стали называть Мангышлак «лабораторией по внедрению новых технологий в нефтяной отрасли».
«Это человек, как бы делегированный нам сверху и сделавший здесь, на земле, все, что смог», – однажды сказал об аксакале Мурат Ауэзов и справедливо назначил его «духовным покровителем» нашего общества. В самом расцвете сил, в 42 года, Рахмет-ага пережил страшную аварию. Но даже прикованный к инвалидной коляске изобрел устройство по нейтрализации парафина в сырье, активно консультировал производственников, а позже состоялся как писатель.
В высшей степени правдивы и столь же художественны посвященные казахстанским нефтяникам его романы, повести, радиопьесы и еще – пронзительная по силе духа поэзия. Как завещание своим молодым соотечественникам Рахмет Утесинов оставил такие слова: «Возможности человеческого интеллекта, творческого потенциала безграничны. В каждом можно раскрыть массу талантов, если верить в наше высшее предназначение, опираясь на ум, волю, настойчивость и стойкость»…
Автор:
Алипа Утешева
12:30 , 25 Августа 2017
Рахаң, Рахмет аға, Рахмет Өтесінов! Сан мәрте қайталанса да таңғажайып тағдыр иесінің кесек бейнесі одан сайын зорайып, күллі өмірбаяны көз алдыңызға дөңгеленіп келе қалады. Былайша қарағанда Рахаңның елден жасырар сыры жоқ, бәрі-баршасы жұрттың жадында. Және бір ғажабы, көпшіліктің осынша ілтипатына бөленген Азамат тым қарапайым, тым елгезек. Өзінің айтуынша, әлдекімдер араға біраз уақыт салып хабарласпай, не телефон соқпай қалса да қабағын кірбің шалып, сәл ренжіп қалады-мыс. Рахаңа түктің қажеті жоқ. Тіршілігіне керекті дүниесі түгел. Тек ардақты ағамен емен-жарқын сырласып, хал-ахуал сұрасып тұрсаңыз болғаны. Әлде… бәлкім біздікі де пенделік шығар. Көпшілік мені неге ұмытып кетті дей ме екен? Ұмыту! Жо-жоқ, о не дегеніңіз! Арпалысқа толы отыз бес жыл өмірін арба, кәдімгі қол арба үстінде өткізіп келе жатқан асыл ағаны ұмыту, немесе Рахмет Өтесінов секілді қайсарлықтың символына айналған үлкен жүректі Қазақтың ұмытылуы мүмкін бе?! Біздің кейде әлдебір құбылыстың арғы астарын зерделемей жатып, ұшқарылау пікірге ұрынып қалатын туыстарымыз да жоқ емес. Кейін бармақ тістеп, аңдамай айтылған сөзді қайтарып ала алмай өкініп жататын сәттеріміз де жетерлік. Тұлға! Осы ұғым, осы халықтық баға өз әдрісін тауып жүр ме? Ойланатын жағдай. Рахаң «қазақ мұнайының королі», «қазақтың Николай Островскийі», «Алексей Маресьеві» деген тәрізді аса сирек айтылатын теңеулерді өзіміздің арамызда жүріп-ақ естіген. Міне, имандай шыны, соған бола «құдайын ұмытып» кеткен емес. Бәрін, баршасын салқынқандылықпен қабылдай біледі. Сәл «көпшік қойылған» лебіздің де арғы астарын жақсы түсінеді.
Иә, Рахмет аға жайлы жақсы ниетіміздің қиюын қалай келістіріп, қағаз бетіне қайтіп кестелесек екен деп «мазасызданғалы» қай заман. Бәрі жазылған, бәрі айтылған. Көзі тірісінде-ақ Рахаң туралы бүкілодақтық деңгейде «Сынақ» атты деректі фильм де түсірілген. Және бұл туынды кезінде анау-мынауға ұстата салынбайтын Бүкілодақтық Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты атанған, Лейпциктегі әлемдік кинофестивальде жүлделі орынға да ие болған. Жә, оны қойшы, біздің кейіпкеріміз — Рахаң жайлы әлемге әйгілі өнер иерінің бір-бір ауыз лебіздеріне құлақ қояйықшы, кәнекей! К.Симонов: «Осы адамның тағдырынан адам баласының қаншалықты құнды екендігін сеземіз. Оның жан сұлулығы мем асқақ рухын көреміз». О.Сүлейменов: «Жетпіс жылдық мүшелтойыңыз құтты болсын. Мұнайшы және жазушы кәсібінде әріптес аға ретінде қатты сыйлаймын. Сіз үшін Италияда бокал көтеремін». Р.Рождественский: «Шынында да адамның қасірет-қайғыны жеңе отырып күресті тоқтатпайтыны тамаша емес пе!». Ә.Кекілбаев: «Анадан аса талантты, кемел ақылды, қажымас жігерлі жаратылған Сіз өмірбақи іс басындасыз, еңбек сапындасыз». Ө.Бәйгелді: «Текті тұлпар қашанда жүйріктігінен зардап шегеді. Тағдырдың жазатайым салған соққысы Сіздің өндіріске алаңдаған еңбекқор жаныңызды, Сіздің бүкіл рухыңызды жасыта алған жоқ»…
Бәли, міне, осының бәрі бір адам жайында, Рахмет Өтесінов жайында. Ал, Рахаң туралы осылардан асырып бір нәрсе айту мүмкін бе?
«Нұр-Астана» газетінде «Көшелі кісімен кездесу» атты айдар барын, соған Сізді лайықты көріп отырған ұйғарым бар деген секілді «кіріспелерді» үстемелей бастап ем, Рахаң телефондағы әңгімені қысқа қайырды: «Ертең сағат он жарымда күтемін».
Ертеңінде оны-мұны алу үшін есік алдындағы дүкенге шыққан Сақыш апай бізді анадайдан танып кері бұрылды: «Ағаларың үйде. Сендермен әңгімелесуге дайын отыр. Сірә, сыртқы есіктің кілтін аша алмас, кездескендерің қандай жақсы болды».
Рахмет аға баяғыдай жігерлі, баяғыдай емен-жарқын. Отыз бес жылым арбада таңылумен өтті-ау деп өкініп отырған жоқ. Әлемде болып жатқан жаңалықтарды бізден де гөрі тереңірек білетін секілді ме, қалай. Оған таласа алмайсың. Күн сайын жиырмадан астам газет-журналдарды қарап шығады екен. Және айтар әңгімесін дәлме-дәл деректермен тұздықтап отыруды да әдетке айналдырған. Сонымен жұптап келген дәстүрлі сұрағымыз айдалада қалды. Үш сағаттық сырласудан түйген ойлардың кейбірін қағазға түртіп отырдым.
* * *
Өмір деген эстафета — бір ұрпақтың аманатын келесі ұрпаққа табыс ету. Біреу балаларына байлық қалдырады, біреу өшпес даңқын, абырой-атағын қалдырады. «Жаман балаға жақсы әкенің аты — қырық жыл азық» деп тегін айтылмаған. Менің әкемде байлық болмаған. Кеңес заманында да еңбегін сатып күн көрген «қара шаруа». Оның бағына Доссорда мұнай өндірісі ашылып, талай қиын-қыстау кезеңінде мұнайдың өлшеулі нанымен отбасын асырап келген. Кейін мен оқу бітірген соң ғана шаруамыз «көңірсіп», жуан ортаға іліктік. «Сонда сен әкеңнен эстафетаға не алып қалдың?» деген заңды сұрақ туарын біліп отырмын. «Ары таза адам» деген am алып қалдым. Соны кішірейтпей, кірлетпей балаларыма тапсырған сияқтымын. Қазір өзім де қарақшыға жақындап қалғаннан кейін, жан-жағымды бажайлап қарап алып, есеп беріп отырмын. Әкем өлерінің алдында тұнжырап ұзақ ойланып отыратын. Бір күні мені шақырып алып, мынадай әңгіме айтты. Әңгіме емес-ау аманат.
— О, бір заманда, Кеңес келместен бұрын Қызылқоғаның базарына апарып сиыр саттым. Алушы (Жүніс деген кісі. Қай ауылдан, қай рудан екенін сұрамаппын) ақшасын қайта-қайта санады да менің қолыма беріп жатып: «Есепті дос айрылмас деген, санап ал» деді. Мен: «Сен санадың ғой, санай бергенде ақша көбейіп кетер ме?!» деп қалтама салдым. Үйге келіп қарасам әлгі кісінің бір сомы артық кетіпті. Ол кезде бір қой үш сом тұрады. Апарып бере қоятын жақын жерде емес. Біздің ауыл Қызылқоғадан 20 шақырымдай жерде. Әрі ол кісі базарда тұр дейсің бе? Қазақтың үйреншікті жайбасарлығына басып, әй кейін бере жатармын да деп жүре бердім. Кейін де сәті түспеді. Содан бері елу жылдай уақыт өткен екен. Сұрастыра келіп Жүністің соғыстан қайтпағанын білдім. Одан қандай ұрпақ қалғанын білмеймін. Сен соны дұрыстап іздеп, тауып алып, әлгі ақшаны табыс ет. Әйтпесе әкең о дүниеге борыш арқалап өтер.
«Тағы қандай борышың бар» дедім мен шалды сөйлеткім келіп. «Құдайға шүкір содан басқа біреудің ақысын жеген, біреуге қиянат жасаған, не өтірік айтып, алдаған жерім жоқ сияқты» деп жауап берді әкем.
Бұл әңгімеден кейін әкемнен қалған «адам» деген аттың тазалығына ерекше мән беретін болдым. Борышын мешітке беріп құтылдық.
* * *
«Қасқырдың бөлтірігін қанша асырасаң да, орманға қарауын қоймайды» дегендей, сол мұнайшылардың балаларынан «кім боласың?» деп сұрай қалсаңыз, «мұнайшы боламыннан» басқа жауап ала алмас едіңіз. Өйткені көзін ашқаннан көргені — мұнай мұнаралары, еліктеп өскені — мұнай мамандары, күнделікті күнкөрісі мұнайға байланысты, сондықтан табынары да, арманы да — мұнай. Сонда кейбіреулердің ауыздарының суы құрып, соңына түсіп жүрген әдебиет қайда қалды дейсіз ғой. Әдебиет — өнер. «Өнерді үйрен де жирен» деген бар. Оны кәсіп қылу үшін талант керек. Егер талант болмаса қанша қыстасаң да алмас кездік қаптың түбін тесіп шығады. Мысалы, біздің ішімізден Зейнолла шықты. Әуелде ол мұнайшы болам деп, бізбен бірге Тау-кен институтына түскен. Бірақ тума талант онысына көнбеді. Жетелеп апарып Мұхтар Әуезовтің қолына тапсырды. Ұлы ұстаз балғын шәкірттің ішінде бұғып жатқан, өзі де білмейтін талант нышанын дөп басып таныды. Таныды да бұлтартпай қарауына алды. Онысының дұрыс екенін өмір көрсетті. Зейнолла ұстаз үмітін ақтады да. Оған Мұхаңның 100 жылдығында арнайы жарық көріп, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Менің Әуезовым» деген түбегейлі еңбегі кепіл. Ал біздер өзімізді әдебиет сүюші әуесқоймыз деп қана білдік. Сондықтан жаман жазушы болғанша, жақсы мұнайшы болғанды жөн көрдік
***
Несін айтасың, партияның қолынан келмейтіні жоқ еді ғой. Жақсы жүрген жерімнен суырып алды да, «өндіріс маманы бізге де керек» деп Жылой аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайлады да жіберді. Сөйтіп, 1959 жылдың күзінен бастап партия өміріне бойладым да кеттім. Байқасам, барлық қызықтың тұрған жері осы екен. Хрущевтің аласапыранының қақ ортасына man болдым. Елді жаппай жүгері егуге көшіргенде, тарыдан басқа егін егіп көрмеген Жем бойының қазақтарына зорлап жүріп жүгері ектірдік.
Қазақстанды бөлшектеп өлкелер ашқанда, Батыс өлкелік партия комитетінің өндіріс бөліміне басшылық етуге тура келді. Партия комитеттерін өндірістік, ауыл шаруашылық деп екіге бөлгенде Ақтөбе облысындағы өндіріс, транспорт мекемелерін біріктіріп, орталығын Қандағаш етin, «Аймақтық-өндірістік партия комитеті» құрылғанда соған хатшылыққа ауыстым. Ақыры Маңғыстаудан мұнай көздері ашылып, соны игеруге жолдама алып тындым…
Иә, Рахаңның Маңғыстауды игеруге қатыстым деуінде де үлкен мән бар. Жұртқа ұқсамайтын өзіндік өмірбаяны бар. Рахаңның әкесі Өтесін ақсақал да тумысынан мұнайшы еді. Жай ғана мұнайшы емес, өндірісті өрге сүйреген мұнайшы болды. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Қазақ мұнайының бір ғасырлық тарихында Өтесін ақсақалдың да өз орны бар. Рахаңа: «сен де әке жолын қуып мұнайшы боласың» деді ме, демеді ме кім білсін. Әйтеуір Рахаңның бар зейіні «қара майға» ауды да тұрды. Бүгінгі күні осы дәстүр Өтесіновтер әулетінде жалғасын тапты. Рахаңның ұлдары — Әбдірхан, Кәдірхан, қыздары — Қазила, Қализа, күйеу балалары — Серік пен Танабай да кәнігі маман мұнайшылар. Балалық шақтары соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген Рахаңдар қабырғаларының қатаймай жатқанына қарамай, еңбекке араласты. Олар еркеліктің не екенін түсіне алмады. Атыраудың үш бірдей бозбаласы, бүгіндері дүйім елдің мақтанышына айналған өрімдей үш азаматы соғыс аяқталған жылы оқысақ, білім алсақ деген мақсатпен Алматыға аттанады. Бөлекбай Сағынғалиев, Зейнолла Қабдолов және Рахаң үшеуінің Атыраудан Алматыға дейін тартқан азаптары да таусылмайтын әңгіме. Ысылған, азды-көпті өмір көрген Рахаңдар бірден институтқа қабылданады. Содан бір күні Доссордағы атақты мұнайшылардың іс-тәжірибелеріне машық боп өскен Рахаңа Тау-кен институтының білім дәрежесі тарлық етеді де, досы Б.Сағынғалиев екеуі Мәскеудің Губкин атындағы мұнай институтына тартып кетеді. Рахаң оқу бітіріп туған өлкесі — Атырауға оралады. Мәскеу институтын бітірген Рахаңа қолқа салушылар да жетіп артылатын. Ал Рахаңды жаңадан ашылып жатқан Маңғыстау мұнайы зарыға күткен-ді. Алдымен цех бастығы, инженер, бас инженер, мұнай кәсіпшілігінің бас директоры секілді өмірлік баспалдақтардан сүрінбей өткен Рахаң 60-жылдардың басында партия қызметіне араласады. Жылы орын, жақсы жағдай, оңтайлы тіршілік бәрі-бәрі оны соншалық қызықтыра қоймайды. Іздегенге — сұраған, сол тұста Маңғыстау даңқы дүрілдеп көкке көтерілмесі бар ма. Өтесінов алғаш ашылған Өзен мұнай кәсіпшілігін басқаруға аттанады.
* * *
Рахаң ол әңгімені былайша өрбітер еді:
— Көз тоқтатар бірде-бір тал дарағы жоқ, күркесі жоқ, ұшқанда қара көрінбейтін меңіреу медиенде іс бастау оңай ма. Болашақ Өзен қаласының қазығын өз қолыммен қақтым. Алдымен жұмысшылар тұратын жер кепелер, барақтар тұрғызылды. Қызыл вагон менің әрі кеңсем, әрі ұйықтайтын бөлмем еді. Міне, осылай қыруар қиындықпен бетпе-бет келдік. Өзенге мұнайшылар ағылып келе бастады, сондықтан мәдени орындар салуды жеделдетуге тура келді. Бір жылдан соң мектеп үйін пайдалануға бердік. Құдай қосқан қосағым — Сақыш Қабдырахманқызы мұғалім еді. Ол Өзен қаласындағы бірінші мектептің бірінші директоры болды. Сөйтіп, Өзен қаласының өндіріс қадасын мен қақсам, Сақыш тұңғыш мектептің қадасын қақты. Ол он бес жыл бойы Жаңа Өзен қалалық оқу бөлімін басқарды. Көпжылдық ұстаздық еңбегі зая кетпеді — «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім» атағы берілді. Бүгінде кейбір әндерде «Алматым — менің жас шағым» деп шырқалып жүр ғой. Осы орайда менің де «Жаңа Өзен — менің жас шағым» десем ешбір әбестігі жоқ шығар.
Тағдыр, иә тағдыр. Жаңадан ашылған іргелі кәсіпшіліктің бар ауыртпалығын өз мойнымен көтерген Рахмет Өтесінұлы 1969 жылы қазан айының 28 жұлдызында мұнай министрлігінің шақыруы бойынша Ақтау қаласына асығыс бара жатып,орта жолда автомобиль апатына ұшырайды. Өзеннен, Ақтаудан, Атыраудан, Бакуден білікті дәрігерлер суыт келіп алғашқы көмектерін көрсетеді. Рахаңды ұшақ арқылы Алматыға жеткізеді. Бір өкініштісі, дәрігерлер қанша жасырып, дәмелендіргенмен Рахаң бір нәрсені анық сезеді. Бел омыртқа сынып, жұлын жаншылған, аяқтардан жан кеткен. Міне, осы күннен Рахаңның таңғажайып тағдыры басталады. Маңғыстауда жүргенде шұғыл қолға алған кандидаттық диссертациясын аурухана төсегінде жатып аяқтайды. Емтихан комиссиясын да ауруханаға шақыртады. Бірнешелеген ғылыми мақалалар жазады. Парафинді мұнайды тасымалдау және мұнай өндірісіне газды пайдалану — Рахаңның ғылыми еңбегінің өзегі де осы еді. Қарт мұнайшы арбаға таңылып жатса да шығармашылықпен айналысты, оншақты кітап шығарып үлгірді. Біз бұл жолы мұнайшы алған марапаттарды санамалап жатқымыз келмеді.
* * *
Рахаңның әңгімесінен:
Қазір Ресейде мұнайдың пайдасын көріп отырған негізінен шетелдіктер мен жергілікті олигархтар. Олар артық ақшасын қайда жіберерін білмей жүздеген миллион долларға Англияның футбол командасын сатып алып жатыр. Ақша мұнайдікі, мұнай — халықтікі. Осы ақиқатты ресейліктер толық түсіне бастаған секілді. Ресейде өткен Парламент сайлауының қорытындысы осындай ойға жетелегендей. Ресей ғалымдары бұл мәселені үнемі жоғары деңгейде көтеріп келеді. Нобель сыйлығының лауреаты академик Жорес Алферов бұл жөніндегі өз пікірін әлдеқашан айтқан. Мен неге мысалды Ресейден алып отырмын? Өйткені олардың академиктері қолға нақты деректер ұстатып отыр. Ал біздің академиктер билік не айтса соған «ләппай тақсыр» деп бас шұлғумен отыр. Ал біздің депутаттардың да көпшілігінің жағдайы осындай.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні — өз жерімізде шығып жатқан ен байлыққа өзіміз ие болайық. Сонда өсіп келе жатқан жастарымызға жұмыс болады. Және моральдық тұрғыдан шетелдіктердің құлдығынан құтқарып, жат жұрттықтардың қолына қарап жәутеңдетпей, егемен елдің еркін азаматы болып өсуіне жол ашамыз. Ал маған «ҚазМұнайГаздың» бірнеше кәсіпорындарды біріктіріп, етек-жеңдерін жинап, өткенге салауат айтып, ендігі шаруамызға өзіміз ие болайық дегендей мұнай барлау, мұнай көздерін ашу жұмыстары өз қолдарына алған тіршіліктері ұнайды…
Рахмет ағаның таңғажайып тағдырын бір мақаланың ішіне қайтып сыйғызарсың. Оның үстіне ер күтудің, жар күтудің қазақта рабайда бір кездесетін керемет үлгісін көрсетіп, Рахаңды отыз бес жылдан бері алақанға салып келе жатқан Сақыш апайдың ерлігіне не айтарсыз! Еш нәрсе айта алмайсыз! Тамсанасыз да қоясыз.
«Нұр-Астана»,
8 шілде 2004 ж. Астана.
* * *
Жұмабай Құлиев
Тағдыр тауқыметін талқандаған тұлға
Еліміздің қарт мұнайшысы, жазушы
һәм ақын Рахмет Өтесінұлы хақында
…Мен жігітпін, айқасқа сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым…
Жұбан Молдағалиев
Мына жалғанда адам рухының қайсарлығына тең келер ештеңе жоқ шығар! Алла тағаланың кемел туындысы адам жаны керемет құбылыстардың қамбасы сияқты. Бірақ жаратқан ием, махаббат, сұлулық, ерлік атаулыны кез-келген пендесіне шүпілдетіп төге салмағаны және ақиқат. Онда да көл дария көкеміз осы қасиетті сезімдерді өмір үшін күресе білетін, қабырғасын сөксе де «қыңқ» етпейтін сырбаз құлдарына шым-шымдап дарытатын тәрізді. Біз бүгін сөз етейін деп отырған қаһарманымыз — Рахмет Өтесінұлы де осындай тұлғалардың санатынан еді. Ол осыдан аттай 74 жыл бұрын, төңкеріс пен ашаршылық жылдарының арасында аласапыран уақытта қар борандатқан қаңтарда Қарабауда 1927 жылы дүниеге келген болатын. Осы жылдары дүниеге келген толқынның ел қамы, халық тағдырына қатысты тындырғандары алабөтен. Бұл ұрпақ тарихи жауапкершілікті терең сезіне жүріп, еңбектің құмырсқа бейнеті мен ғылым, өнердің барлық саласында жан-тәнімен құлаш сермеді. Кешегі Кеңес Одағы кезіндегі қыруар материалдық игіліктер осы майталмандардың қолдарымен жасалды.
«Атағы бар, даңқы бар өңірге аян,
Ойлануда бүгінде небір ноян.
Өзгертуге болады өзіңді де,
Өзгертуге келмейді өмірбаян», —
деп марқұм Жарасқан Әбдірашев жырлағандай, шынында да туған жердің бетінде жүрек кардиограммасы сияқты айқыш-ұйқыш жолдарың сайрап жатқанда, сені бесіктен шыққаннан бері білетін замандас, тұстастарың тұрғанда өмірбаяныңды өзгертуге бола ма? Қазір кейбіреулер өздерінің өмірбаяндарын, тіршілік соқпақтарын тақтайдай түзу қылып, су бетінде сырғанаған масадай, анкеталарын әрлеп көрсету сәнге айналып барады. Бірақ өмірі маңдайы тершіп көрмеген, қолтығы сөгіліп еңбек етпеген, өз кәсібінің рахаты мен мехнатына мелдектей шомылмаған адамның әлгіндей қолдан жасалған өмірбаяны бейне бір өлген тұлыпты сабан толтырып тұрғызғандай әсер етеді. Бұл бір жағынан көзін еңбекпен тырнап ашқан, еліміздің мұнай саласын ұшпаққа шығарамын деп арпалысып жүргенде өзінің ең бағалы байлығы денсаулығын да құрбан етіп, 32 жыл арбашаға таңылып қалған еңбек майданының қара нары, қаһарман замандасымыз — Рахмет Өтесінұлы сияқты азаматтардың жүрегіне ауыр тиеді.
Рахаңның өмірбаянын Қазақстанның мұнай тарихынан, оның асқаралы асуларынан бөліп қарау әсте мүмкін емес, қарт мұнайшының бүткіл саналы өмірі киіз үйдің бау-шуындай осы саланың буырқанған тіршілігіне мидай араласып кеткен.
Иә, осы нұрлы жол, соны соқпақ әуелде қалай басталып еді, енді соған келейік.
Рахметтің әкесі Өтесін де өндірілгеніне бір ғасыр болған қазақ мұнайының құрдасы, қарт мұнайшы еді. Әке кәсібін енді ұлы жалғастырмақ болды. Соғыстың ауыр жылдарында қабырғасы қатпаған жасөспірім Рахмет мектепте оқи жүріп, мұнай кәсіпшіліктерінде еңбек етті. Сұрапыл соғыс аяқталған соң, 1945 жылы бүгінде Атыраудан көтеріліп ұшқан ақиық азаматтар — Б.Сағынғалиев, З.Қабдолов және Рахмет үшеуі Алматыға оқуға келіп, Тау-кен институтына қабылданады. Бала кезінен басты мақсаты — мұнай саласының қыр-сырын үйрену болған, Өтесінұлы Тау-кен институты тарлық етіп, құрдасы Сағынғалиевпен қол ұстасып, Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай институтына тартып кетеді. Ал бұлармен Атыраудан бірге шыққан З.Қабдолов мүлде басқа салаға — әдебиет жазирасына бет алады. Әркімге әртүрлі зерде, икем берген шебер тағдырдың қиыстыруын қарасаңшы! Көз алдыңнан зырқырап өткен жүк пойызының вагондарындай жылдар шіркін жөңкіліп жатты. Ақыры әке аманатына қылау түсірмеген Рахмет Мәскеуден мұнай саласының ұңғыл-шұңғылын терең зерделеген кәсіби маман болып оралды. Рахметтің студенттік жылдарын оның рухани досы, сырласы, көрнекті мемлекет қайраткері, бүгінде дербес зейнеткер Саламат Мұқашев былай деп есе алады:
— Менің Рахметпен ілкі кездескеніме жарты ғасырдан астам уақыт болыпты. Содан бері қарым-қатынасымыз үзілген емес, бір аймақта тіршілік етіп, жұбымызды жазбай жүрдік. Қуаныш-шаттыққа да, қайғы-қасіретімізге де бірге ортақтасқан, тілектес, сырлас жандармыз. Алдымен 1949 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінде комсомол комитетінің ұйымдастырушысы ретінде қабылданып, әңгімелескенім есіме түседі. Ол кезде Рахмет Мұнай институтының студенті болатын, каникулға шыққан кезі еді. Адамды алалауды білмейтін, ақжарқын Рахмет маған бірден: «Бос мезгілім болғандықтан ұжымның қоғамдық өміріне араласқым келеді. Жастар арасында атқаратын істер аз болмас, мені толық пайдалануыңа болады», — деді. Уәдесіне берік екен, сол аз мерзімнің ішінде Рахмет біздерге біраз пайдасын тигізді. Жас жұмысшылар алдында мұнайдың табиғатты, жер астында қалай түзілетіні туралы, мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясаты жайында, Мәскеу тұрғындарының күнделікті жағдайы жөнінен дәріс оқыды, әңгімелер өткізді, жұмысшылар жатақханасына барып ойын-сауық ұйымдастырды. Орта білімді мұнайшыларды оқуға шақырды, бірнеше жастарды өзі орталыққа ертіп кетті.
Қандай ғажап құбылыс! Кешегі Атыраудай табиғаты қатал самиян далада, кәсіби мамандар тапшы кезінде, бір толқынды бір толқын осылай жетектеп, ұлы ағысқа іліктіріп отырған екен-ау! Қытымыр, өлкенің қазына, қамбасы осылай игерілген екен-ау!
Ризалық сезімнен жүрегіңнің басына рисалат нұры тамшылайды. Біреуді біреу қосарына алып, бағыт-бағдар беріп, білім жазирасына икемдеу сияқты өміршең үрдістің бүгінде үзіліп қалғаны өкінішті.
Осы орайда, қазір мұнай саласының бел ортасында жүргендердің бір парасы Рахмет Өтесінұлының шеберханасынан дәріс алғандар, оған қарыздар десек асылық болмас.
Иә, тағы да өмірбаян сарабына түсейік. Мұнай институтын бітіріп келгеннен кейін, Рахмет Өтесінұлы алдымен цех бастығы, инженер, бас инженер, мұнай кәсіпшілігінің директоры сияқты қызметтерге өз білігі арқасында сатылап өрлей берді. 1959 жылы оны Жылой аудандық (Атырау облысы) аупарткомының бірінші хатшылығына сайлады. Содан бірте-бірте обкомға, өлкелік партия комитетіне жоғарылай берді. Былай қарағанда екінің бірі риза боларлық жағдай ғой: жұмсақ орындық, атшаптырым кабинет, қызмет көлігі…
Бірақ осы қызметтердің барлығында да Рахмет бір бүйірі бос қалғандай, аңызақ жел аңқыған еңбек баласын өгейлеп, шикі мұнайдың жер астынан ышқына атылғандығы айналаға тарайтын ғажап иісін сағынумен жүрді. Әсіресе, бұрғы кен қабатына дөп түсіп, мұнай бұрқағы көкке самғағандағы еңбек адамының, соны іске асырған жандардың қуанышын ешнәрсемен шендестіруге болмас! Бейне бір шөлден қаталап тұрған қыруар елге табан астында су тауып бергендей шаттанасың…
Иә мұндай бақытты сәттерді тек еңбек рахатын бастан кешіргендер ғана біледі.
Ақыры лауазымды қызметтерін тәрк етіп, Рахмет Өтесінұлы ботасын сағынған Аруанадай, өзі жан-тәнімен сүйген мұнай саласынан бір-ақ шықты. Алғаш ашылған Өзен мұнай кәсіпшілігін басқаруға аттанды.
Сол бір жастық жігерге толы қимас күндерін Рахаң бүгінде былайша толғайды: «Көз тоқтатар бірде-бір тал дарағы жоқ, күркесі жоқ, ұшқанда қара көрінбейтін меңіреу медиенде іс бастау оңай ма. Болашақ Өзен қаласының қазығын өз қолыммен қақтым. Алдымен жұмысшылар тұратын жер кепелер, барақтар тұрғызылды. Қызыл вагон менің әрі кеңсем, әрі ұйықтайтын бөлмем еді. Міне, осылай қыруар қиындықпен бетпе-бет келдік. Өзенге мұнайшылар ағылып келе бастады, сондықтан мәдени орындар салуды жеделдетуге тура келді. Бір жылдан соң мектеп үйін пайдалануға бердік. Құдай қосқан қосағым — Сақыш Қабдырахманқызы мұғалім еді. Ол Өзен қаласындағы бірінші мектептің бірінші директоры болды. Сөйтіп, Өзен қаласының өндіріс қадасын мен қақсам, Сақыш тұңғыш мектептің қадасын қақты. Ол он бес жыл бойы Жаңа Өзен қалалық оқу бөлімін басқарды. Көпжылдық ұстаздық еңбегі зая кетпеді — «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім» атағы берілді. Бүгінде кейбір әндерде «Алматым — менің жас шағым» деп шырқалып жүр ғой. Осы орайда менің де «Жаңа Өзен — менің жас шағым» десем ешбір әбестігі жоқ шығар…».
Шынында да тақырға тұрғызылған тұңғыш қаланың өзі — кіндік әкесі, жұбайы — кіндік шешесі атану аз бақыт па? Сол кездегі адам айтса нанғысыз қиыншылықтарды жеңіп, алуан-алуан істерді қысқа мерзімде бітіріп, түбекті түлету жолында жойдасыз еңбек сіңірген қаһармандарға қазіргі азаматтар, болашақ ұрпақтар борышты екені әмбеге аян.
Алыпты алғаш игергендердің алдыңғы санында Рахмет Өтесіновтің тұруы — осы жанқиярлық еңбектің өтеуі болар ма?
Затында пайғамбар, періштелердің соқпағы кедір-бұдырсыз, жыра-жықпылсыз болғанымен, адам баласының тіршілік жолдары тақтайдай тегіс әрі түзу емес. Өмір де бір жүрдек керуен. Ол өтe тез жүреді, алды-артыңды бағдарлап, өткен-кеткеніңе есеп беріп, келесі нысанаңды белгілегеніңше әлгі керуеннің қыр асып кеткенін бір-ақ байқайсың. Осы ұлан-ғайыр сапардың әр жер, әр қалтарысында жазатайым майып болып немесе күні бітіп, несібесі таусылғандар қала береді. Бірақ кімнің қашан, қай жерде қалары — бір құдайдан басқаға құпия.
Арқасына атан көтере алмайтын ел жүгін арқалап, аттай шауып жүрген Рахмет Өтесінұлы 1969 жылы қазан айының 28 жұлдызында мұнай министрлігінің шақыруы бойынша маңызды мәжіліске қатынасу үшін Ақтау қаласына бара жатқанда орта жолда «Волга» автокөлігі аударылып, апатқа ұшырайды. Жолшыбай кездескен жолаушылар қираған машинадан оны асқан ептілікпен әзер шығарып алады. Жедел түрде таяу маңдағы емханаға апарады. Өзеннен, Ақтаудан, Атыраудан, Бакуден дәрігерлер келіп жедел көмек көрсетеді. Бесінші күні АН-24 ұшағымен Алматыға жеткізіледі.
Сөйтіп ажалмен арпалысқан екі айда жаншылған кеуде, сынған төрт қабырға шорланып бітіп, жаны жай тапқандай болды. Бірақ, өкінішке орай, жарақаттардың ең ауыры қаһарынан қайтпайды, қауіпті қалпын өзгертпейді. Бел омыртқа сынып, жұлын жаншылған, аяқтардың жаны кеткен. Оны дәрігерлер жасырады, дәмелендіреді. Әйтсе де, табиғатынан сезімтал Рахмет енді екі аяқтың мал болмайтынын түсінеді, аз күнде өмірін басқа бағытқа бұрған оқыс әрекетке қарсы іштей дауа іздеп арпалысады. Күні кеше ат үстінде жүрген арқыраған азаматқа қас пен көздің арасында арбашаға таңылып қалу оңай ма? Міне, осы күннен бастап Рахмет Өтесінұлының екінші тынысы ашылған сияқты. Жалғанда дарынды адамға дауа бар ма?
Ол енді Маңғыстауда жүргенде бастаған кандидаттық диссертациясын ауруханада аяқтамақ болады. Өзі қиналып жатса да, ауруханаға кандидаттық минимумнан емтихан алатын комиссия шақыртады. Орталық журналдарға ғылыми мақалалар жазады. Парафинді мұнайды жинау, тасымалдау және мұнай өнімін өсіруге газды пайдалану жөнінде кітапшалар жазып шығарады.
Төсекке таңылып жатқан адамның осыншама еңбектер тудырғанына алғашында күмәнданушылар да болды. Өз көздерімен көргеннен кейін таңданыстарын жасыра алмады.
Рахаңның үлгілі өмірі, жемісті еңбегі, ерен ерлігі жөнінде, адамгершілік қасиеттері туралы газеттерде, журналдарда, кітаптарда әлденеше рет жазылған. Теледидарда көрсетіліп, радиодан айтылып жүр, ел аузында аңыздар да аз емес. Олардың барлығын Оу бұл жерде қайталап жатуды артық көрдік.
Тек қана аттары әлемге, елімізге әйгілі өнер иелерінің Рахмет Өтесінұлы туралы жылы лебіздерін айтпай кету күнә шығар.
К.Симонов: «Осы адамның тағдырынан, табандылығынан адам баласының қаншалықты құнды екендігін сеземіз. Олардың жан сұлулығы мен асқақ рухын көреміз».
О.Сүлейменов: «Жетпіс жылдық мүшел тойыңыз құтты болсын! Мұнайшы және жазушы кәсібінде әріптес аға ретінде қатты құшамын! Келесі мүшел тойыңызға қалай да қатысуға асығатын болармын! Ал әзірге Сіз үшін Италияда бокал көтеремін» (Рим, қаңтар, 1997 жыл).
Р.Рождественский: «Шынында да, адамның қасірет-қайғыны жеңе отырып, күресті тоқтатпайтыны тамаша емес пе!».
Ә.Кекілбаев: «Табиғаттың айрықша ықыласына ие боп, анадан аса талантты, кемел ақылды, қажымас жігерлі жаратылған сіз өмірбақи іс басындасыз, еңбек сапындасыз».
Ө.Бәйгелді: «Текті тұлпар қашанда жүйріктілігінен зардап шегеді. Тағдырдың жазатайым салған соққысы Сіздің өндіріске алаңдаған еңбекқор жаныңызды, Сіздің биік рухыңызды жасыта алған жоқ»… Міне, осылай өнер тарландарының лебіздері жалғаса береді.
Қарт мұнайшы, жазушы әрі ақын Рахмет Өтесінұлы 32 жылдан бері арбашаға таңылумен ғұмыр кешіп келеді. Бұл дегеніңіз қайталанбас өмірдің 11680 күні мен түні, 280320 сағаты ғой… Қарымды қаламгер осы жылдар ішінде «Ақиқатқа айналған арман» (1974 ж.), «Айтылмаған ән» (роман, 1978 ж.), «Алыптың ашылуы» (хикая, 1982 ж.), «Алыстағы алау» (хикая, 1983 ж.), «Кең Жылой» (1989 ж.), «Маңғыстаудың мың жолы» (1987 ж.), «Мұнарлы күндер» (1997 ж.), «Су түбінде жатқан тас» (өлеңдер жинағы, 2001 ж.) сияқты онға тарта кітаптар сыйлады. Жанымен арпалысып жатып осындай дүниелер туғызу бір адамға аз, көп пе оны өзіңіз бағамдай беріңіз. Кейде санаңда мынандай сұғанақ сауалдар тұрып алады: Егер Рақаң жазатайым осындай бейнетке ұрынбаса осынша кітап жарыққа шығар ма еді, шықпас па еді? Қалай дегенмен де тап басып айту қиын.
Рахмет Өтесінұлының әр жылдарда шыққан кітаптарына кезінде баспасөзде лайықты бағасы берілген.
Біздің назарымызды аударғаны биыл «Өлке» баспасынан жарыққа шыққан «Су түбінде жатқан тас» өлеңдер жинағы. Бұл жинақтың беташарында ақын былай деп тебіренеді:
Ойлағаным адалдық пен келісім,
Орыс, қазақ бәрі бауыр мен үшін.
Құмырысқадай жем жинаған ініне,
Тыным таппай еңбек еттім ел үшін.
Тірі жанға сәттерім жоқ еш жерде,
Обал жасап, зәбір берген бекерге.
Арым таза, аулақ жүрдім күнәдан,
Қиналмаймын бұл фәниден өтерде.
Тек қана пейілі ашудастай ақ, адал сүт емген адам ғана осылай айтар болар.
Кең Жылыой, келмеді деп өкпелеме,
Дені сау перзенттерің көп келе ме?
Тағдыр мені аяқтан кісендеді
Айналып соғар едім көктемеде.
Не жетсін еске алатын дос барына,
Солармен әр жерде бас қосқаныңа.
Бұл жырым дұғам болсын шәкірттерге,
Сәлемім тірі жүрген достарыма.
Өзінің табанының ізі қалған кең Жылойды арқалы ақын көкірек көзімен шарлап, оған алыстан сәлем жолдайды.
Әкесінің сүйегі жатқан, өзінің жастық шағы өткен Жаңа өзен туралы ақын былайша ой кестелейді.
Байқасаңыз, гәптің бәрі мұнайда,
Содан шығар ығай менен сығай да.
Біз Өзенмен біте қайнап, бірге өстік,
Айыра алмас адам түгіл, Құдай да.
Бәлкім тартса топырағы жырақтың,
Дүние жалған өте шығар бір-ақ күн.
«Жаңаөзендік Өтесінов» деген боп,
Тәнім жатар бір шетінде қыраттың.
Рахмет Өтесінұлын Атырау, Маңғыстау елі 1997 жылы, 70 жасқа толған торқалы тойында арнайы шақырып, көз көрген замандастарымен қауыштырып, ардагер аға осы сапардан хан-базардан оралғандай ерекше әсерленіп қайтты.
Арман еді көрсем деген бір келіп,
Көтеріп aп алып келді бір желік.
Қимасыңмен қандай қиын қоштасу,
«Қош бол» деуге тілім де тұр күрмеліп.
Елей ме деп еңбегімнің зейнетін,
Елім үшін тырбанамын кейде тым.
Еске аларсың бар еді деп бір бейбақ,
Белден кешкен бұл дүниенің бейнетін.
Ақын туған жер ілтипатына орай қарымта ретінде осы бір махаббатқа, сағынышқа толы жолдарды қағазға түсіріпті. Рақаң «Су түбінде жатқан тас» өлеңдер жинағын өзін өбектеп күткен қосағы, балаларының анасы Сақыш Қабдырахманқызына арнапты.
Бұл да бір ежелгі қиссадағы Сақыпжамал сияқты әйел-ананың эталонындай болған аяулы жан. Міне 32 жыл арбашаға таңылып, ондаған кітаптарды дүниеге әкелген қаһарман замандасымыз Рахмет Өтесінұлы биыл 74 жасқа толды. «Палуанға оң мен солы бірдей» дегендей, ол кезінде еңбек, бейнет, қиындық десе, әсіресе, мұнай десе жанып түсетін жалаңтөстердің бірі еді.
Біз бүгінде мұнай деп ұлардай шулап жатырмыз. Ал осы «қара алтынның» жүз жылдық тарихының тасасында қаншама зілмауыр еңбек, қаншама тағдырлар, қаншама бейнеткеш жандар тұрғанын ойладық па?
Американы он жыл басқарып, осы алып елді инфляцияның ұйығынан қара нардай бір өзі сүйреп алып шыққан әйгілі Рузвельттен біреулер: «Сізді құдай не үшін жазалады» деп сұраса керек. Сонда екі аяғы жоқ қайсар Президент «Құдай күнәһарларды жазалайды, ал маған бұл бейнетті сынау үшін жіберген», — деп әлгінің жағын қарыстырған екен.
Рузвельт осы сөзін дүниенің бір шетіндегі өзімен тағдырлас Рахмет Өтесінұлына да арнап айтқандай. Ардагер ағаның тағылымы мол хикаяттары, ақиық жырлары қым-қуыт тіршіліктің балшырын сәттерімен қоса дәмі удай бейнеті де бар екенін ұмытшақ адамдар санасына қайта-қайта салып, мезгіл қоңырауын қағып тұрғандай.
«Қазақстан мұнайы», желтоқсан,
2001 ж.