МЕРЕЙТОЙМЕН. ҚҰТТЫҚТАУ

“Мұнайгаз кешені ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Бірлестік мүшесі Ирак Қасымұлы Елекеевті 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. ҚР еңбегі сіңген заңгері, мерейтой иесінің, қазірде, студент жастармен кездесулер өткізіп, өзінің өмірлік мол тәжірибесімен бөлісіп жүргені, сонымен бірге Астана қаласы кәсіпкерлер кеңесіне жетекшілік етіп қоғам көзінде белсенділігімен танылып жүргені атап өтілді. Ирак Қасымұлына, алдағы кезеңдерде де мол тәжірибесі мен терең біліктілігін ел мүддесі жолындағы игі істерге арнай беруіне тілек білдірілді.
“МГКА” РҚБ орталық аппараты.