Ардагерлер сенбілік өткізді

 

Ақтауда геологтар аллеясында Маңғыстаудың ардагер геолог-барлаушылары ағаш отырғызды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. — Ардагерлердің ағаш отырғызудағы мақсаты ертеңге деген үміт, болашаққа деген сенім. Геологтар аллеясын жыл сайын бақылап тұрамыз. Жас ұрпақ пен осы ақсақалдарымызды байланыстырып, осындай шараларды өткізіп келеміз, — деді Мұнай газ кешені ардагерлерінің республикалық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының төрағасы Қайролла Ережепов. Филиалдың қоғамдық көмекшісі Ғазиз Нұрлыбеков Бисенғали Бисенбай, Құрал Асанов атты ардагерлерге мүшелік билеттерді табыстады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, бүгінгі игі шараны ұйымдастырған геолог қариялардың айтуынша бұл іс, біріншіден ұрпаққа үлгі, екіншіден алдағы сәуір айының 1 жұлдызында тойланатын геологтар күніне арналған.

 

 

       

Шалқар Абылова, Суреттерді түсірген Талант Құсайын

 

Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/kazakstan-zhakalyktary/106466