МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА

Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні арасында Атырау облысы филиалының директоры Избасов М.Ш. Құлсары, Доссорға барып және Атырау қаласвнда “Қазақстан мұнайына 120 жыж “ мерекелік медальдарын бір топ ардагер мұнайшыларға салтанатты жағдайда тапсырды.

 

Бажбенов Сайлау Беркінұлы-ардагер мұнайшы, инженер-механик, еңбек өтілі 49жыл. Еңбек жолын жерасты жабдықтарын жөндеу операторынан бастаған, әр түрлі басшылық қызмет атқарған, «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің технологиялық транспорт басқармасы басшысы, Атырау облыстық транспорт тресінің бас директоры, Тарбағатай Өндірістік Қауымдастығының Департамент директоры. Кеңес өкіметінің медальдарымен, Қазақстан Республикасының медальдары мен төс белгілерімен марапатталған.

 

Кемелханов Жөкен-ардагер мұнайшы, инженер-буровик, еңбек өтілі 47жыл. Еңбек жолында Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында бұрғышы көмекшісі, шебер, аудандық инженер-технологиялық қызмет бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан Теңіз Тау-кен инспекциясының бастығы, «Даск-дриллинг» компаниясының Өндірістік база бастығы, «Ақберен» Атырау атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының инсекторы қызметтерін атқарған.
Кеңес Өкіметінің Мемлекеттік Тау-кен бақылау инспекциясының «Үздік инсекторы» атағымен, «Қазақстан Мұнайына 100жыл» мерекелік медалымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалымен марапатталған.

 

Сейтқазиева Назира Махметқызы-ардагер мұнайшы, еңбек өтілі 23жыл. Еңбек жолын мұнай-газ өндіру басқармасында жұмысшылықтан бастаған, кейін жоғары білім алып қаңтардағы бухгалтер қызметін атқарған. Бүгінде «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында 1санатты бухгалтер. «Қазмұнайгаз ұлттық мұнай компаниясының», «Ембі мұнай-газ» Акционерлік қоғамының алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Қондыбаев Ерлан Жаңабайұлы-ардагер мұнайшы, еңбек өтілі 27жыл. Еңбек жолын мұнай-газ өндіру басқармасында жөндеуші слесарь болып бастаған, кейін оператор, шебер, жетекші инженер, цех бастығы, басқарманың бөлім бастығы, бас технолог, бүгінгі күні «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері қызметін атқарады. Мұнай-газ өндіру басқармасының, «Ембімұнайгаз», Барлау-өндіру «Қазмұнайгаз» Акционерлік Қоғамдарының құрмет грамоталарымен, Прорва кенішіне 50жыл төс белгісімен, «КазЭнерджи» медалымен марапатталған.

 

Аблялиев Есенқұл Айтенұлы-ардагер мұнайшы, еңбек өтілі 39жыл. Еңбек жолын электромонтер болып бастаған. Кейін шебер, учаске бастығы, инженер энергетик, бөлім бастығы, бас энергетик, бүгінде басқарманың энергетика бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Облыс әкімінің, «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамының алғыс хаттарымен, «Эмбаэнергомұнай»- ға 20жыл төстік белгісімен марапатталған.

 

 

Құлбалиев Қайрат Жабасұлы-ардагер мұнайшы, еңбек өтілі 33жыл. Еңбек жолын Қазақ Химия-технология институтын бітіргеннен кейін құрылысшы инженер-технолог болып бастаған, кейін мұнай-газ мекемесінің мердігерлік құрылыс мекемелерінде өндірістік- технологиялық бөлім бастығы, бас инженер қызметтерін атқарған, өндірістен қол үзбей жүріп, Атырау мұнай-химия институтын бітіріп мұнай-газ өндіру басқармасының «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» бөлімінде бастапқыда инженер, бүгінде сол бөлімнің бастығы қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Барлау- өндіру «Қазмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамдарының, Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, төстік белгілерімен марапатталған. Жылыой ауданы бойынша «Жыл адамы» байқауының «Жыл мұнайшысы» номинациясының иегері.