ДАРА

Болат БАҚИЕВ

Интершум: (муз.фон-интенсивный. Качалка басындағы қызу жұмыс, ескі кадрлер. 7-8 сек).

ЗКТ:

1960 жылдың басында, дәлірек айтсақ 1961 жылы қыркүйек айында бұрғылау шебері Ғазиз Әбдіразақовтың нөмірі 18-ші бұрғылау ұңғысынан Өзен кен орнында түбектегі тұңғыш газ бұрқағы атқылады.

Қара алтын да көп күттірмеді. Сол жылы желтоқсан айында бұрғылау шебері Михайл Кулебякиннің нөмірі бірінші ұңғысынан Өзен кен орнынан алғашқы мұнай алынды.

Ал, 1964 жылдан бастап,Теңге, Тасболат, Қарамандыбас, Шығыс Жетібай, Қансу, Жалғызтөбе, Арман, Шығыс Қаратұрын тағы да басқа мұнайгаз кен орындары ашылса, 1974-76-шы жылдары Қаражанбас, Қаламқас және солтүстік «Бозашы» кен орындарынан мұнай алынып, Маңғыстаудың екінші тынысы ашылды.

Мұның бәрі, жалғыз Кеңестер Одағы ғана емес, әлем назарын да өзіне аударып, қазақ жастарының мұнайшы мамандығын игеруге деген құлшынысын арттырып, еселей түсті.

Солардың қатарында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Болат Бақиев те бар еді.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00030)(0.00.10…1977-жылы Москвадан…0.02.17….добыча түсіп кетеді). (дауысты тазалап, үстін дұыстап жабу керек!)

ЗКТ:

Бүгінде солтүстік «Бозашы» кен орнында ұңғымаларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсететін «Капремсервис» ЖШС-і директорының кеңесшісі болып еңбек ететін Болат Наурызбайұлын біз қызу жұмыс басында кездестірдік. 

–Күрделі жөндеу дегеніміз, ұңғымадан мұнай өнімділігін қалпына келтіруге байланысты барлық жұмыстардың жиынтығы.

Көптеген жөндеу жұмыстары бұрғылау қондырғылары бар ұңғымадан құбырларды алуды және ұңғыма өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын, басқа да ақауларды жөндеуді талап етеді.

Ақаулар жойылған соң, құбыр қайтадан ұңғымаға түсіріледі, — дейді біздің кейіпкеріміз.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00030)(0.02.21….көп жағдайда…0.04.18….монтажға көп уақыт кетпейді).

(дауысты тазалап, үстін дұыстап жабу керек!).

ЗКТ:

Болат Бақиев 1972 жылы Ақтау қаласындағы нөмірі үшінші мектепті оқып бітірген соң, Мәскеу қаласындағы Губкин атындағы мұнай-химия және газ өндірісі институының «Экономика және мұнай және газ өндірісі» факультетіне  оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіреді. «Инженер-экономист» мамандығын алады. 

Ал, 1983 жылы   Алматы қаласындағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институынының мұнай факультетіне оқуға түсіп, оны  «Мұнай және газ кен орындарына технологиялар енгізу және кешенді механизациялау» мамандығы бойынша үздік оқып, бітіреді.

Алғашқы еңбек жолын жоғарыда  өзі айтып өткендей, 1977 жылы тамыз айында «Маңғышлақнефть» бірлестігіне қарасты нөмірі екінші «Жетібайнефть» басқармасында мұнай өндіру операторы болып бастап,  кейін шебер, цех бастығының орынбасары, мұнайгаз өндіру цехының бастығы дәрежесіне дейін адал еңбегінің арқасында сатылап көтеріледі.

1985-86 жылдары облыстық халықтық бақылау комитетінің өндіріс, транспорт және байланыс саласы бойынша инспекторы болып жұмыс істейді.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00030)(0.04.25….содан кейін…0.06.28….мұнайды сорғызады ғой).

(дауысты тазалап, үстін дұыстап жабу керек!).

ЗКТ:

Болат Наурызбайұлы 1986 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на қарасты «Қаламқасмұнайгаз» мекемесі жер асты және күрделі жөндеу цехының бастығы болып тағайындалады.

Айта кету керек, біздің кейіпкеріміз «Қаламқасмұнайгаз» мекемесінде алғаш рет мұнай өндіруге арналған американдық «Гриффен» фирмасының бұрандалы сорғыларын  өндіріске енгізуге бастамашы болған.

Бүгінде солтүстік «Бозашы» кен орнының 80 пайызы осы бұрандалы сорғылармен жұмыс істеп жатыр және ол тек тіке қазылған ұңғымаларға ғана қолданылады. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі өте зор, — дейді Болат Бақиев бізбен сұхбатында.

СНХ: Балтабай ЖЫҢҒЫЛБАЕВ — Солтүстік Бозашы кен орнының Ұңғыманы күрделі жөндеу және игеру бөлімінің аға инженері

(00029). (0.00.39… солтүстік Бозашы кен орнының…..0.02.53…күрделі жөндеу мекемесін қадағалаймыз). (дауысты тазалап, үстін дұыстап жабу керек!).

ЗКТ:

Болат Бақиев 1996-жылы «Маңғыстаумұнайгаздың» «Химремонтскважин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Бас инженер, 1997- жылы «Қарамандыбас» серіктестігінде директордың орынбасары болып жұмыс істеп, 2001 жылы «Катказ ЛТД» серіктестігіне Бас инженер болып ауыстырылады.

Ал, 2004 жылдан зейнетке шыққанша «Бозашы оперетинг ЛТД» компаниясы филиалының күрделі жөндеу және мұнай өндіру бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2018 жылы «Капремсервис» серіктестігінің жер асты және ұңғымаларды күрделі жөндеу цехының жетекшісі, ал 2018 жылдан күні бүгінге дейін серіктестік директорының кеңесшісі қызметінде жүр.

СНХ: Берік АМЕНҰЛЫ – «КАПРЕМСЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ

(00072).(0.00.56..коллективте көптеген жақсы…. 0.02.04біліктілігін арттыра берсін).

ЗКТ:

Мәліметке жүгінсек, солтүстік «Бозашы» кен орнының операторы – «Buzachi Operating Ltd» компаниясы. Компания 2004 жылы осы кен орнын игеру үшін арнайы құрылған, иелері – қытайлық CNPC және Sinopec корпорациялары. 

Біздің түсірілім тобы кейіпкеріміз бұрын жұмыс істеп кеткен осы  қытайлық компанияның өндіріс басындағы кеңсесіне бас сұқты.

 Мұндағылар білікті маман Болат Бақиевтің жақсы біледі  және оны зор құрметпен қарсы алды.

СНХ: Чжао ШЭНБО – «Бозашы» кен орнының инженерлік — технологиялық кәсіпшілік қызмет бастығы 

(00120).(0.00.31…я первый раз познокомился…)  

АУДАРМА:(Мен осы компанияда 13 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Болат Бақиевті алғаш рет осы жерде, өндіріс басында көріп, таныстым. Оның жұмыс тәжрибесі өте мол, өндіріс басындағы кез келген ақауды дер кезінде жойып, мұнай өндіру жұмысын қалпына келтіріп отырады.

            Біз Болат ағадан көп нәрсе үйрендік. Ол үшін рахмет айтамыз. Бір қарағанда сабырлы көрінетін ол, жұмысқа келгенде өте қатал. Талапшыл. Бірақ жүрегі мейіірмді.

            Зейнетке шыққанына 8 жыл болса да біз онымен үнемі байланыста отырамыз. Білікті маманнан білмегенімізді сұраймыз, ақыл-кеңес алып отырамыз.

            Болат Наурызбайұлына зор денсаулық, көп жақсылықтар тілейміз!).

ЗКТ:

Болат Бақиев көптеген рационализаторлық ұсыныстардың авторы. Оның ұсыныстарымен енгізілген жаңашыл әдістер көптеген кен орындарында қолданылып келеді.

Мәселен, солтүстік «Бозашы» кен орнында «Дацин» құралы тәжрибеден сәтті өтіп, өндіріске енгізілді. Нәтижесінде, мұнай өндіру ұңғыларының жұмыс тиімділігі артты.

Ол – Ресей, Қытай және Канада елдерінде біліктілігін арттыру курстарында оқыды. Оның бәрі өз дәрежесінде жұмыс сапасына әсер етіп, өндіріске оң нәтиже беріп келеді.

СНХ: Замир ТЕМІРТАСОВ – «КАПРЕМСЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

(00143).( 0.01.08…Бақиев Болат…0.01.23…білімдері мол + 0.01.41..Болат енді… 0.02.32…сөйтіп, сөйтіп көтерілді   + 0.02.53…бержағында…0.05.13…табылуы қиын деп ойлаймын).

ЗКТ:

Замир Алимұлының айтуынша, Болат Бақиевтің жасы 70-ке толса да компьютерді шебер меңгерген, құбыр қазу жұмыстарын өте жақсы біледі және оны жастарға үйретуден жалыққан емес.

Маңғыстау өңірінің мұнай салсында Бақиевтей білікті маман сирек, мүмкін жоқтың қасы, — дейді серіктестік басшысы.

Бүгінде Болат Наурызбайұлының кеудесінде «Еңбек ардагері» медалы жарқырап тұр. Маңғыстаудың мұнайгаз саласындағы орасан зор еңбегі үшін «Қазақстан мұнайына -120 жыл», «Қазақстан мұнайына -125 жыл», «Маңғыстау облысына – 40 жыл», Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» атты мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Бұдан бөлек, «Жетібаймұнайгаз», «Қаламқасмұнайгаз» мекемелерінің мерейтойына орай, ерекше сіңірген еңбегі бағаланып, Алғыс хаттарға, Маңғыстау облысы әкімінің дипломына ие болды.

Айта кетейік, 2017 жылы «Еңбек жолы» байқауында Бақиевтер әулеті жүлделі екінші орынға ие болды.

Жан жары Роза Салахиденқызының мамандығы гинеколог дәрігер. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. Атырау мен Ақтау қалаларында талай нәрестені өз қолымен жарық дүниеге әкелген білікті маман. Болат екеуі 2 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, оларға жоғары білім берді.

СНХ: Роза ЕРМЕКОВА – ЗАЙЫБЫ

(00206).(0.01.28….отбасымда енді….0.02.12….үйде отырмын + 0.02.20….дені сау болып0.02.55сыйлы адам).

ЗКТ:

Болат Бақиевтің ұлы – Әділбек 1984 жылы дүниеге келген. Мәскеудегі И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнайгаз университетінің түлегі. Қазір «Бозашы оперетинг ЛТД» компаниясында жетекші инженер-технолог болып еңбек етеді.

Ал қызы Әлия1988 жылғы. Ол да әкесі бітірген жоғары оқу орынынң түлегі. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «КМГ инжиниринг» мекемесінің жетекші инженері.

Әлия талай республикалық, халықаралық ғылыми-техникалық конференцияларға қатысып, үздік маман атағын қолдан бермей келеді. Мұнай өндірісін артыру тақырыбындағы көптеген ғылыми еңбектері бар.

СНХ: Әлия БАҚИЕВА – ҚЫЗЫ

 (00167).(0.00.20….так как у нас….).

АУДАРМА: (Біздің Бақиевтер әулеті үшінші буынға жалғасқан мұнайшылар династиясы. Атам – Наурызбай да әкем Болат та белгілі мұнайшылар. Олардың ізімен, ұрпақтар сабақтастығы деген ұлы жолмен  ағам Әділбек те мен де келе жатырмын. 

            Менің әкем өз жұмысына тиянақты қарайтын, өте талапшыл адам. Ол кісі жұмыстан тыс уақытта да, демалыс күндері  тек жұмысын, ұңғымасын ойлайтын, ол үшін отқа да суға да түсетін білікті маман. Оны мен қызы болған соң жақсы білемін.

Жасы келсе де зейнет демалысына шықса еңбектен қалған жоқ. Күні бүгінге дейін мұнай саласы бойынша жұмыс істеп келе жатыр. Әкемнен ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу бойынша  ақыл-кеңес сұраушылар легі өте көп. 

Бір сөзбен айтқанда, өз аяғымен жүретін тірі кітап – энциклопедия деуге болады. Кез келген сұрағыңа жауап береді, сарабдал сарапшы.

Егер мен әкем болмаса өмірімді басқа саламен, басқа мамандықпен жалғар ма едім, кім білсін?  Сол кісінің ақылымен геология саласын таңдадым. Оған еш өкінбеймін. Бүкіл әлем, жаратылыс, өмірдің өзі осы геология саласымен байланысты екендігіне көзім әбден жетті.

ЗКТ:

Болат Бақиевтің әкесіНаурызбай ақсақал Отан соғысының ардагері.  

1921 жылы туған майдангер 1949 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген соң, партия-кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарған. Құрметті еңбек демалысына шығар кезде «Жетібаймұнай» кен орнында кадр бөлімінің басшысы болған. Ол кісі 1996 жылы өмірден озды.

Ал, анасы Рысқалиева Нұрбиға 1923 жылы туған. Сол кездегі Атырау мен Шевченко қалаларының мектебінде  ұстаз болған.  «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағының иегері. Нұрбиға анамыз да 1993 жылы бақилық болды.

СНХ: Замир ТЕМІРТАСОВ – «КАПРЕМСЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

(00143).(0.01.23…өзі өте сауатты…0.01.40…өте дарынды адам еді).

СНХ: Зейнолла АЛШЫМБАЕВ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

ЗКТ:

Айтып өтсек артық болмас, ұзақ жылдар бойы ұстаз болған Нұрбиға анамыз бүгінде елге белгілі тұлғаларға математика пәнінен дәріс берген.

Мәселен, олардың қатарында кеңес кезеңінің даңқты энергетигі, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің үздігі, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлыхан Бекбосынов, даңқты мұнайшы, мемлекет және қоғам қайраткері Нәсіпқали Марабаев және Қазақ КСР ұлттық қауіпсіздік комитеті мен  Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумның төрағасы болған Зақаш Камалиденов, тағы да басқа танымал адамдар бар.

Ал, Маңғыстау өңірінің абыз ақсақалына айналған, түбектің әлеуметтік-мәдени, экономикалық дамына зор үлес қосып, біраз басшы қызметтер атқарған Өтежан Алшымбаев өзінің «Есейдім бірге еліммен» деген кітабында:

Әр үйдің тентегіне, телісіне

Ой салып, орнықтырып өрісіне.

Еңкейем еңсем құлап еңбегіңе –

Өлшеусіз үлес қосқан ел ісіне.

 

Қамқоршы диханшыдай егісіне,

Мұғалім берік болса өз ісіне.

Жеткенін көзім көрген қуанамын,

Ұстаздың еңбегінің жемісіне.

 

Ойымның арқау етіп желісіне,

Құттықтап, қол созамын жеңісіне.

Үш ауыз сөз арнадым биылғы осы

Ұстаздық мерекеңнің келісіне,

— деп 1965 жылы үш шумақ жыр арнапты. Әрине, мұның бәрі біздің бүгінгі кейіпкеріміздің анасының мұғалімдік мәртебесін одан әрі биіктете түсетіні сөзсіз және Болат Бақиевтің текті тұқымнан дөрегенін тағы бір мәрте айқындай түседі.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00164).(0.03.43…әкеміз кішкене қаталдау адам болды0.04.34пенсияға шықты + 0.04.48…былай айтатын еді…0.05.17сонымен жүрдік қой енді +  0.01.00мың тоғыз жүз елу бесінші жылы0.01.09….сонда болдық + 0.02.11….семьяда 3 баламыз0.02.48завкафедра болды).

Интершум: (Муз.фон. Болат Бакиевтің теңіз жағасында жүрген видеолары 7-8 сек).

 

ЗКТ:

Біз кейіпкерімізбен қоштасар алдында оған бүгінгі күні мұнай саласында ең өзекті деген бірнеше сұрақтарды дайындап алдық.

Алдымен кешегі кеңес кезінде бір ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізу қанша уақыт алатын еді, қазір қанша уақыт кетеді деген сұрақты көлденең тарттық.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00223).(0.00.23…бұрын дейтін…0.02.09эконом жасайды да).

ЗКТ:

Кейіпкерімізбен әңгімеміз одан әрі блиц-сұхбат түрінде өрбіді.

СНХ: Болат БАҚИЕВ – АРДАГЕР МҰНАЙШЫ, «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ 

(00223).(0.02.11…күрделі жөндеу….+ 0.02.21…технология көп + 0.02.37….әрбір кен орнының өзіндік…0.03.43…сонымен жұмыс жасай береді)

+ ( 0.03.54…сіздің ойыңызша…) (Осы СНХ-ны дұрыстап қиып, тазалап, жалғауымыз  керек болады!).

ЗКТ:

Мамандықтың бәрі жақсы. Бірақ, мұнайшылық менің де ұрпағымның да өмірінің өзегіне айналды. Бұл кәсіптің одан әрі өміршеңдігі де өз қолымызда.

Ол үшін, бүгінгі заманауи ғылыми технологияларды толық игерген, меңгерген мамандармен, кен орындарын толық цифрландырумен қамтуымыз қажет.

Сонымен қатар, мұнай өндіруші елдердің озық іс-тәжрибелерін оқып, үйренуден ұялмауымыз керек, ең бастысы – осы салаға инвестиция тартуды да бір сәтке де тоқтатпауымыз қажет, — дейді мұнайшы Болат Бақиев бізбен қоштасарда.

Ата кәсіпті өміріне арқау еткен Азаматқа біз де сәт-сапар тіледік. Ғұмырыңыз ұзын, деніңіз сау болсын айтып, отбасына бақ-береке тіледік.

********************СОҢЫ*****************

 

АНОНС! АНОНС! АНОНС!

«Маңғыстау» телеарнасында  журналист Сағындық Рзахметовтың «Дара» хабары.

Хабар кейіпкері – бойына білім мен біліктілікті қатар сіңірген, қарапайым мұнайшыдан қатал, талапшыл басшыға дейін көтерілген «Еңбек ардагері» медалінің иесі Болат Бақиев. 

тамыз, сағат 21.30-да «Маңғыстау» арнасында.

**************************************************************