БІРЛЕСТІККЕ - 7 ЖЫЛ!

Бірлестік жұмысы ел өнеркәсібінің ірі салаларының бірі мұнайгаз өнеркәсібінің даму жолындағы ұрпақтар сабақтастығы үзілмеуі мақсатында, аға ұрпақтың мол тәжірибесін жастарға үйрету және саланы игерудегі қазақстандық сүрлеудің тарихын сақтауға бағытталған еді. Құрылғанына 7 жыл болған бірлестік- сол әдепкі мақсатты толықтай жүзеге асырып келе жатыр деп айта аламыз. Айтулы межені есте қалдыру мақсатында, Орталық аппарат қызметкерлері- ел ордамызда,
жақында іске қосылған жеңіл рельсті Тарлан ЛРТ көлік жүйесінің қызметімен танысты .

Астана тұрғындарына жәйлі қызмет жасай бастаған көлік жүйесінің қызметімен, ардагерлер, Сығанақ аялдамасынан Әуежайға дейінгі аралықтан бастады.

Тарлан ЛРТ жүйесінің қызметкері аға буын өкілдерінің арнайы танысуға келгеніне ризашылығын білдіріп жылы көңілмен қарсы алды.

Өздерінің ең жақсы жылдарын кен орындарын игеруге және маңызды өндірістік обьектілерді пайдалануға беруге қатысқан аппарат қызметкерлері жол бойғы әдемі көріністерді тамашалап, ашық жарқын, жарасымды әзіл- қалжыңмен Әуе жайға 22 минутта жетіп оралды.“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АПАРАТЫ