МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ С.ИМАШЕВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 16- да Парламент Мәжілісінің отырыс залында мемлекет қайраткері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 14 жыл Д.Қонаевтың басшылығы кезеңінде ОК-тің идеология саласының хатшысы болып істеген Саттар Имашевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Конференция жұмысына қазіргі және өткен шақырылымдар депутаттары, қоғам қайраткерлері және мерейжас иесінің туған-туыстары қатысты

   

 

 

 

Конференция жұмысын белгілі саясаткер, Мәжіліс депутаты А.Сарым жүргізіп отырды. Алқалы жиынның бірінші бөлімінде қоғам қайраткерлері М.Шайжүнісов, А.Жағанова, Б.Каюпов, С.Абдрахманов, Э.Имашева және т.б. сөз сөйледі. Конференцияның екінші бөлігінде “МГКА” РҚБ мүшелері И.Елекеев, З.Алшымбаев, Қ.Келжанов, Мәжіліс депутаты Д.Тұрғанов және т.б. естеліктерімен бөлісті.

 

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ҚР-ның Үкіметіне біршама ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда:
— Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Бірлік ауылын С.Имашевтің есімімен қайта атау;
— ⁠Астана және Алматы қалаларындағы бір-бір көшеге С.Имашевтың есімін беру;
— ⁠Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Еуразия ұлттық университетінің және Атыраудағы Х.Досмұхамбетов атындағы университеттің тарих факультеттерінің студенттері үшін С.Имашев атындағы мемлекеттік стипендиялар құру;
— ⁠С.Имашевтың құрметіне Алматы қаласындағы оның тұрған үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнату;

Конференция соңында туысқандары атынан С.Имашевтың рухына арналып ас дастарханы жайылып, құран бағышталды.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ