В.П.-ның қарапайымдылығын көрсететін тағы бір әңгіме.
…В.П.-ның қарапайымдылығына таңданудан жалықпайсын, тіпті кейде жас бала сияқты көрінетіні бар. Осындай ұлы адамдардың жаны өте таза, жас сәбидей бейкүнә, мөп-мөлдір болатынын тарихтан, кітаптардан оқып жүрміз ғой бәріміз де, ал мен соны өз көзіммен көрген адаммын. Ол кезде мен ГПП (геолого-поисковая партия) деген КЭ «МНГР»-дің құрамындағы шағын мекеменің қатардағы қарапайым геологымын. Ал В.П. болса КЭ «МНГР»-дің Бас Геологы, атақтарын санамалап тауыса алмайсын, бүкіл ел сыйлайтын, КСРО деген алып мемлекеттің мұнайшы қауымына белгілі жан, басқаларын айтпағанның өзінде Лениндік сыйлықтың Лауреаты деген атағының өзінен-ақ ат үркері анық. Былайынша ойлап қарағанда, «мен қайдамын, ол қайда?» Мен өмір жолын, еңбек жолын енді бастап жатқан қарапайым, қатардағы көп геологтың бірімін (орысша айтқанда «молокосос, мелкая сошкамын»), ал ол болса… ГЛЫБА, МЭТР. Сонысына қарамай ол екеумізді тең санайды. Кейде менің жұмыс орныма (ГПП-ның геология бөліміне) өзі іздеп келетіні де бар. Шевченко қаласының «Приозерная» деген поселкесінде КЭ «МНГР» мен ГПП-ның конторлары бір аулада орналасқан. Аула деген керемет, тал-теректердің, жеміс ағаштарының, шөптердің, гүлдердің түрі өседі. Басшымыз Х.Ж.Өзбекғалиевтың өзі қадағалайды осынау тамаша бақтың, ауланың күтімін, арнайы білікті бағбан алынған жұмысқа. В.П. үлкен басымен (жасы да үлкен, лауазымы да, атақтары да дардай), қоластындағы біреулерді жұмсамай, ішкі телефонмен соқпай, мені өз алдына шақырып алмай өз аяғымен келіп тұратыны қызық. В.П.-ның мені іздейтін себебі, менің қайынатам Рахматуллаев Жамалбек сол кезде Шевченко қаласындағы ең жақсы «Ақтау» мейманханасының директоры еді де, мен В.П.-ға еліміздің түкпір түкпірінен келетін көп қонақтарына сол мейманханадан орын алып беруге септесетінмін. Ал В.П.-ға келмейтін қонақ жоқ, геологтар, ғалымдар, ғылыми институттардың қызметкерлері, әртүрлі геологиялық барлау мекемелерінің басшылары… деген сияқтылар ақылдасу үшін, кеңес алу үшін, кейбір ғылыми жұмыстарын көрсету үшін.. ағылып келетін де жататын. Ал мен үнемі ортада жүрмес үшін қайынатаммен В.П.-ны таныстырып қойғанмын. Бірақ қалай болғанда да В.П. қайынатама тікелей шыға бермейді. В.П. деген қызық адам. Ол өзінен бұрын қайынатамның жағдайын ойлайды, сол қысылып қалмаса екен деп мен арқылы өтініш жасайды.
Енді осы жағдайды сол екеуара болған күйінде баяндап қарайын: Однажды прибегает ко мне в ГПП Петрович, и так с такой извиняющейся ноткой в голосе, говорит мне: «Серик, у меня просьба к тебе, не мог бы ты позвонить Жаке, может у него найдется номер для двоих москвичей?» Я ему: «Валентин Петрович, а че Вы сами не позвоните, он же Вас хорошо знает и уважает. Если есть номера, то он Вам-то обязательно предоставит.» Но ВП, скромнейший, машет руками: «Неудобно, а вдруг действительно не окажется номеров, и я поставлю его в неудобное положение, позвони, пожалуйста, будь другом.» Ну я и звоню тестю: «Так и так, ага, мне нужно два хороших номера для московских гостей нашей экспедиции.» Ни разу не было осечки. Номера люкс на выбор. «Все, Петрович, встречай своих гостей.» Он рассыпается в благодарностях, жмет руку, смеется: «Ну ты , Серик, молодец, спас меня, рахмет!» И так разов 5-6. И каждый раз он сильно тушевался и извинялся, когда обращался ко мне по поводу номеров в гостинице. В шутку называл меня замдиректором гостиницы «Актау».
Міне, біздің В.П. осындай өте қарапайым жан. Оның орнында басқа бір адам болса (біздің елдегі классикалық жағдай ғой), біреулер арқылы мені алдына шақыртып алып, кең кабинетінің төріндегі жұмсақ креслосында шірене отырып, ыңырана, керенаулана, бастық екенін көрсете сөйлеп: «Қарағым, бізге Мәскеуден бір қонақтар келетін еді, соған қонақүйден орын табу керек болып тұр, сенің таныстарың бар сияқты, осы мәселемен айналысып қарашы» деп тапсырма берер еді. Ал В.П. болса өз аяғымен жұмыс орныма іздеп келіп, қысыла-қысыла өтінішін айтып (құдды бір өзінің жеке шаруасын келістіріп беруді сұрап тұрғандай) әрі менің қайынатамның да қысылып қалмайтын жағдайын ойлап, ал өтініші орындалғанда болмашы нәрсеге балаша қуанып… Әй, несін айтасын… Айта берсе В.П.-ның қызықтары көп, ол сондай ақкөңіл, бала көңіл, болмаған жан.
…
Ардагер геолог-барлаушы Серік АЙТУАР
«Еңбек ардагері» медалінің, «Қазақстан мұнайына 125 жыл», «МНГР» тресіне 50 жыл» төсбелгілерінің иегері.
[12:00, 22.06.2026] Зейнулла Утежанович: АҢЫЗ АДАМ
Бір кезде Молдавияның АСКОМ компаниясынан бірнеше адам Ақтауға келді. Олар Маңғыстау өңірінде мұнай компаниясын ашуға ниет білдірген екен. Бұған дейін Түрікменстанда румындармен бірлесіп ұңғымаларды күрделі жөндеумен айналысыпты. Қалай болғанын білмеймін, әйтеуір олар басшымыз Ғиззат Өтешұлымен байланыс орнатып, келіссөз жүргізіп жүрді. Ақыры олардың қолына Толқын және Боранқұл кен орындары тиді. Толқын кен орнына – барлау, ал Боранқұлға – жете барлау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалды. Барлау жұмыстарының тиімділігі – жұмсалған қаражаттың белгілі бөлігі бірден қайтарылады, ал өндіру кезеңінде пайда кейінірек түседі. Бұл жобада белгілі кинематографист Сайын Ғабдуллиннің де үлесі бар еді. Молдавандар Түрікменстаннан көптеген тәжірибелі мамандар алып келді. Сайынның үлесіне қатысты мен директордың орынбасары қызметіне тағайындалдым. Содан команда жасақтауға кірістім. Сол кезде ойыма Валентин Петрович түсті. Бұрыннан аздап таныстығымыз бар еді. Іздеп барып едім, 4-шағынаудандағы галерея үлгісіндегі үйде тұрады екен. Жұмысқа шақырдым. Бірақ ол Нина Ивановнаны жалғыз қалдырып кетуге қиналатынын айтты. Мен Нина Ивановнаны да жұмысқа орналастыруға болатынын жеткіздім. Ол да тәжірибелі геолог болатын. Осылайша бірге жұмыс істей бастадық. Түрікменстаннан келген мамандардың арасында Пешков деген геолог бар еді. Ол Валентин Петровичпен бірден тіл табысып кетті. Валентин Петровичке айына 500, ал Нина Ивановнаға 300 доллар жалақы белгіленді. Ол кезде мұндай қаржы аз ақша емес еді. Валентин Петрович алғашқыда: — Бізге мұнша көп ақша не үшін керек? – деп таңғалып жүретін. Барлық есеп-қисап доллармен жүргізілгенімен, жалақы теңгемен, сол күнгі бағам бойынша қолдарына берілетін. Көп ұзамай ұжымдағы барлық мамандар Валентин Петровичтің кәсіби деңгейін мойындап, ерекше құрмет көрсете бастады. Бір күні кешке қарай ол мені жұмыстан кейін геология бөліміне шақырды. Барсам, үлкен дастарқан жайылып қойылыпты. Сөйтсем, Валентин Петрович алғашқы жалақысын алған екен. Сол қуанышын әріптестерімен бөлісуді жөн көріпті. Қызмет бабымен мен Астанаға Энергетика министрлігіне, ал Көкшетауға Геология комитетіне жиі барып тұратынмын. Бір жолы әңгіме үстінде Валентин Петровичтің Астананы көрмегенін білдім. — Келесі жолы бірге барамыз, — дедім. Сөйтіп, бір сапарда өзіммен бірге ала кеттім. Астанада кен орындарын игеру мәселелерін қарайтын Орталық комиссияның отырысы өтіп жатты. Залда комиссия мүшелері отырған. Солардың бірі – Герой Жолтаев еді. Ол бір кезде Валентин Петровичке қайта-қайта көз тастап отырды да, кенет орнынан көтерілді.
— Құрметті әріптестер, арамызда атақты геолог Валентин Петрович Токарев отыр, — деді де, келіп қолын қысты. Зал іші бірден қол шапалаққа толды. Ал Валентин Петрович болса, мұндай қошеметке ыңғайсызданып, төмен қарап отырған күйі қалды. Сол сәтте мен оның шын мәніндегі беделі мен абыройының қандай биік екенін тағы бір рет сезіндім. Валентин Петрович өмірден озғанда молдавиялық әріптестерінің оған деген құрметі тағы бір мәрте көрінді. Олар арнайы Кишиневтен ұшақпен сапалы табыт алдырды. Кейін білдім, оның құны сол кезде мың жарым доллар шамасында екен. Бұл – жай ғана материалдық көмек емес, өз ісінің нағыз шеберіне, қадірлі әріптеске көрсетілген соңғы құрмет болатын.
Валентин Петрович секілді адамдардың қадірі тек атқарған қызметімен өлшенбейді. Олар өздерінің білім-білігімен, қарапайым мінезімен және адамдық болмысымен ел есінде қалады. Шынайы бедел мансаппен емес, халықтың құрметімен өлшенеді. Валентин Петрович сондай құрметке лайық жан еді.
Ардагер геолог-барлаушы, «Құрмет» орденінің иегері
Ғазиз Нұрлыбеков.