БАРЛАУШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

 

Барлау-бұрғылау ардагерлерінің ұрпақтарының ризашылығы
1948 жылы құрылып, 50 жылдай қыруар жұмыс атқарған Оңтүстік Ембі барлау -бұрғылау экпедициясы Атырау , Маңғыстау , Ақтөбе обылыстары территориясында:
Қаратон, Тереңөзек, Құлсары , Мұнайлы , Прорва, Кеңқияқ, Жайық мұнайгаз т.б көптеген мұнай өндірістерін ашып , 1996 -98 жылдары талан-таражға ұшырап , қызметін тоқтатқан болатын.
Экспедицияның 50жылдай тер төккен мыңдаған барлаушы-бұрғышыларының есіл еңбегі елеусіз қалған жағдай орын алды.Міне осы кезде Серікқали Ержанов бастама көтеріп барлаушылардың өз ұрпақтары қор құрып, әуелі кітап шығарды. Осы кітапқа көптеген ардагерлердің есімдері аталып ,атқарған қызметтері туралы мәлімет енді.Барлаушы -бұрғышылардың есімдері ұмытылмай тарихта қалуына , олардың атындағы саябақ ашылуына тікелей атсалысып жұмыстанған:Серікқали Ержанов , Дүйсенбі Нұрғанов, Мұрат Кемелов, Бисенбай Құлбаев т.б азаматтардың еңбегі сіңді.Осы азаматтардың обылыс бастығының алдына қойған талаптарының нәтижесінде Құлсары қаласында тамаша саябақ ашылды.Облыс басшысының қолдауымен Құлсары қаласының әкімдігіне тікелей тапсырма беріліп көптен күткен саябақ ашылды.Бұл іске мұрындық болған :обылыс, аудан, қала әкімдіктеріне барлаушы — бұрғышылардың ұрпақтарының айтар алғысы мен ризашылықтары шексіз.
Бұрғылау саласында еңбек еткен зейнеткер
Исатай Ізмағанбетов Барлаушы Ата- ағаларымызға!!!

Тырналардай тракторды тізілтіп
Жер солқытып Бураубаймен көшкендер
Жеті қабат қара Жердің қыртысын
Үш шарошка қашауменен тескендер.

Тракторды өгіз қылып жеккендер
Мәжесіне вышка сүйреп жеткендер
Аяз демей, аптап демей қысы — жаз
Күй таңдамай өткендерді -сөкпеңдер

Ұзақ түнге тыным таппай көз ілмей
Қаршып қазып жердің төсін сөккендер
Тәулік бойы мігір таппай іс қылып
Маңдайынан қара терді төккендер.

Қашауменен, ҰБТ мен, свечьпен
Шыңырауға ұңғы бойлап өткендер
Ырыздық пен несібесін халықтың
Жүз жылдыққа мұра қылып кеткендер.

Таусылмайтын азап бейнет шеккендер
Оларға жат салқын ауа, тепсеңдер
Артта қалар ұрпақ үшін қам жасады
Бейнет үшін жаралған – деп шешпеңдер.

Сары далада сарнатып күй төккендер
Олар үшін ең қымбаты өскен жер
Ағалардың сол еңбегін қадірлеп
Ұлықтауда тұрба бұрап өскендер.

50 жылда ел байлығын еселеп
Кигендері мақта күрте , шекпендер
Ерлігіңді елеп жатыр ұрпағың,
Мәңгі бақи есімізден кетпеңдер.

Исатай Саурамбайұлы Ізмағанбетов
17.06.2026ж. https://www.instagram.com/reel/DZrZgiCsJRN/?igsh=MXZsbjAyeWtjN3M2eg==