АРДАГЕР М.ЛҰҚПАНҰЛЫН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

АРДАГЕР М.ЛҰҚПАНҰЛЫН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ.

 

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде мұнай саласының ардагері Өмірзақ Мәлік Лұқпанұлының есімін ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара үстіміздегі жылдың маусым айының 9-шы жұлдызында өтті.

Іс-шара аясында Мәлік Лұқпанұлы атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы және мұнайшылар әулетіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Кездесуге мунай-газ саласының ардагерлері, ғалымдар, әріптестері, достары мен шәкірттері қатысып тұлғаның өмір жолы мен өнегелі еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.

Мәлік Лұқпанұлының еліміздің мұнай өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі, кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері туралы кеңінен айтылды.

Осындай игі бастамалар арқылы университет өндіріс тарихын, саланың көрнекті өкілдерінің мұрасын дәріптеп, жас буынның кәсіби және рухани тәрбиесіне үлес қосуды жалғастыры береді.

Осы кездесуде «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республиқалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры А.Тегісбаев, ҚР Энергетика министірлігінің «Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісін М.Лұқпанұлына табыс етті.

«МГКА» РҚБ Орталық аппараты