ТАҒЗЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ

15- ші сәуірде Қазақстан мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Тарас Қасымовтың туғанына 85 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді. Іс шараға Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері, “Каспий Құбыр Консорциумы-Қазақстан” компаниясының өкілдері, Тарас Мәжитұлы отбасы мүшелері , сондай ақ “МГКА” РҚБ мүшелері З.Алшымбаев, И.Елекеев, Қ.Қабылд

Игі шара Атырау мұнай құбыры басқармасының конференц-залында жалғасты. Салтанатты жиынды “КазТрансОйл” АҚ ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры А.Оңғарсынов ашып, оның өмір жолына тоқталды. Жиында сөйлеген Қ.Қабылдин, ардагерлер С.Сняхчян, М.Абильхайров, И.Елекеев ұзақ жылдар бойы “Оңтүстік мұнай құбыры” ӨБ- ның Бас директоры, “Қазақстанкаспийшельф” АҚ Ақтау филиалының директоры т.б. басшылық қызметтер атқарған-Тарас Мәжитұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, сағынышпен еске алды. “МГКА “ РҚБ -і Кеңесінің мүшесі З.Алшымбаев, бірлестік басшылығы мен ардагер-мұнайшылар құттықтауын жеткізіп, Т.Қасымовтың Маңғыстау өңірі үшін маңызы зор жоғарыда аталған өндіріс ұжымдарын басқарған тұстағы атқарған іргелі істеріне тоқталды, олардың бүгінде ел игілігіне қызмет етіп тұрғанын айтты. Мысалы, Еділдің Қиғаш саласынан Жаңаөзенге дейінгі тартылған су құбырына ауызсу тазалайтын қондырғы, қалаға қажет наубайхана және т. б әлеуметтік нысандарды атады. Сонымен бірге Тарас ағамен алғаш рет АҚШ тың Сан-Диего қаласында 1995 ж. өткен Қазақстан-Америка халықаралық мұнайшыларының конференциясында танысқанын, оның іскерлік, зор адамгершілік қасиеттері туралы естелігімен бөлісті. Сөзінің соңын”Адам еңбегімен қадірлі, артында қалдырған өнегелі ісімен өміршең, кісіге көрсеткен жақсылығымен жасампаз. Ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен, өзінің ұлағатты өмір жолында халық сенімі мен құрметіне ие болған Тарас аға есімі ұмытылмайды, мұнайшылардың жаңа легін тәрбиелеу жолында үлгі бола береді” деді. Жиынды Атырау мұнайтасымалдау құрылымының бастығы Е.Сүйіндіков қорытындылап, жиынға қатысуға арнайы келіп қатынасқан ардагерлерге ұжым атынан алғысын білдіріп, аға ұрпағының өкілі Хаким Тарасұлына құттықтау адресі мен естелік медаль тапсырды.ин, Қ.Келжанов, М.Ахметжанов, М.Исаев және т.б. ардагерлер қатысты

Еске алу шарасы Тарас Қасымовтың рухына тағзым, құран арнау рәсімімен басталды.   

Жиынға қатысушыларға “Тарас Қасымовтың тағылымды жолы” деген деректі фильм көрсетілді. Еске алу шарасының екінші бөлігі Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау стансасында Т.Қасымовтың ескерткіш бюстіне гұл қою рәсіміне жалғасты.

Жаңадан қызметін бастаған мұнайтасымалдау құрылымдарының жас жұмысшыларына аға буын атынан — ұрпақтар сабақтастығының алтын жібін узбей сақтауға, аға ұрпақтың ғибратты жолын жалғастырып, еңбекте табысқа жете берулеріне тілек-батамен аяқталды.

Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін “Сұлтан палас” мейрамханасында Мұнай тасымалдау саласының ірі ұйымдастырушысы, қоғам қайраткері Тарас Мәжитұлының рухына құран оқылып, ас берілді.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ