ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

“Мұнайгаз кешенінің ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау филиалының бір топ ардагерлері 31 мамырда — қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым етті.

 

Бұл күн қазақ тарихының ең қайғылы беттерінің бірі. Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті, 20 мыңы атылды. Ашаршылық зұлматынан 1,5 млн қазақстандықтар қырылды. Шараға қатысқан атыраулық ардагерлер, тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатынына сенім білдірді.

“МГКА” РҚБ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ А.КӨПТІЛЕУОВА