МҰНАЙБЕРГІШТІКТі АРТТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 22-сі күні Алматы қаласында мұнайбергіштікті арттыру орталығы ашылды. Ашылу салтанатына “Мұнайгаз кешені ардагерлері” РҚБ кеңесінің мүшесі- Бас Директор А.Тегісбаев қатысты. Жобаның бастамашылары: Полимерлік материалдар және технологиялар институты, STSolutions ЖШС және PhD докторы М.Сағындықов.

Бұл ынтымақтастық ғылым білімді, инженерлік құзыреттілікті және өндірістік тәжірибені біріктіре отырып, мұнайберушілікті арттыру технологияларының бүкіл тізбегінде жаңашыл шешімдерді ілгерілетуге бағытталған. Кездесуде Анатолы Орынғалиұлы бұл иновациялық қондырғының ірі кен орындарының күрделі қабат жағдайларын зерттеу үшін өте қолайлы екендігін атап өтті.

Іс сапар барысында “МГКА” РҚБ Бас директоры А.Тегісбаев қоғамдық бірлестіктің Алматы филиалында болды.

Филиал жетекшісі М.Исаев, Қазақстанға еңбегі сіңген геолог Н.Қуантаевтың қатысуымен болған бұл отырыста мұнай көзі азайған, экономикасы тиімсіз кен орындарына жаңа технологиялар пайдаланып операторлық қызмет көрсету мәселелері мен филиалдың 1-ші тоқсандағы атқарған ұйымдық қызметі талқыланды.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ