Бүгін Ақтау қаласында Маңғыстау филиалының директоры Ережепов Қайролла ағамыздың ұйымдастыруымен 35 ардагер бас қосты. Мерекелік бас қосуда Қайрекең ардагерлерді « Астана күнімен» және Маңғыстау мұнайының алғашқы бұрқағының 64 жыл болғанымен(05.07.1961) құттықтады. Сонымен қатар КЭ МНГР мекемесінің алғаш ашылуының 70 жылдығы қарсаңында мұнай-газ барлаушы ардагерлеріне арнап жасалған тқсбелгілерді тапсырды. Мұнай газ саласына еңбегі сіңген ардагерлер Құлжанов Қырымқұл және Жапаров Берікханды салалық төсбелгілермен марапаттады. Өз естеліктерімен 91 жастағы ардагер Көшенов Тұрсынғали ағамыз бөлісіп, батасын берді. Шара соңында ардагерлерге мерекелік дастархан жайылды. Ардагерлер өткен шараға ризашылықтарын білдірді.


МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ Е. НҰРМАНОВ