ЖАҢАӨЗЕНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС ШАРА ӨТТІ

Бүгін Жаңаөзен қалалық ардагерлер үйі, ғимаратында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жыл толуына орай,« Мұнайгаз кешені ардагерлері» РҚБ Жаңаөзен қаласы бойынша өкілдігінің директоры Майлыбай Өтебаевтің ұйымдастыруымен мерекелік іс шара өтті. Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы МГКА мүшесі Жүзбай Күмісбаев және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов МГКА өкілдігінің директоры Майлыбай Өтебаев құттықтау сөз сөйледі.Сонымен бірге 75 жасқа толуына орай О Тұрсабековты 70 жасқа толған А Чакиловты және 70 жасқа толған М Абдиғалиевті Кала әкімінің «Алғыс» хатымен Жаңабай Аймағанбетов марапаттады.Сондай-ақ М Абдиғалиев ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерекелік медалімен, бірнеше МГКА мүшелері «МГК Ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Мерекелік шағын концерт, жайылған дастарханнан дәм татып, марқұмдардың рухтарына құран бағышталды.