АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ШАХМАТ ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні РҚБ ”Мұнайгаз кешені ардагерлері” Ақтөбе облыстық филиалының басшылығының қолдауымен ардагер мұнайшылар арасында Жеңістің 80-жылдығына және Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті,жарысқа 10-ардагер қатысты,жарыс айналмалы түрде өтті, 1-орынды УОПиТ ардагері Көшекбаев Орынбасар иеленді,ақшалай сыйлық, марапат қағаз, сертификат табыс етілді.
2-орында Серікбаев Нұрабек,ақшалай сыйлық, мақтау қағазы,сертификат берілді;
3-орынды ЖМГК ардагері Омаров Ерлан иеленді, ақшалай сыйлық, мақтау қағазымен сертификат табыс етілді.
Ақсақалымыз Куспанов Язит 85-жастағы ағамызға қатысқаны үшін ақшалай сыйлық, мақтау қағазымен сертификат табысталды, сонымен қатар, барлық қатысушыларға көтермелеу сыйлығы және сертификаттар табыс етілді, соңынан қатысушыларға дастархан жайылып жылы жүздесу болды.

“МГКА” РҚБ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ