ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА-45 ЖЫЛ

Елімізді мұнай-газбен қамтуда үлкен үлесі бар “Теңіз” кен орнының ашылғанына 45 жыл толды. 1993 жылдан бері экономикамызға салған инвестиция көлемі 198 млрд доллардан асқан. Салтанатты жиынға Атырау облысының әкімі С.Шапқанов, ҚР Энергетика министрлігінің және басқа арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарында “Мұнайгаз кешені ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Бас Директоры А.Тегісбаев та қатысты.

“МГКА” РҚБ мүшесі, сала ардагері Т.Байзақов өз сөзінде “ Қазақстанға инвестиция кіргізуде алғаш болған осы мекеме. Соның арқасында өте қиын қыстау уақыттан өттік” деп естелігімен бөлісті. “Теңізшевройл” ЖШС Бас директоры Кевин Лайон: “.. Теңіз кен орнының ашылуы мұнай өнеркәсібі үшін ғана емес, бүкіл ел үшін жаңа дәуірдің басталуына себеп болды. Бұл Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы берік ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады” деп атап өтті. Бүгінде кен орнында жасайтындардың 95 пайызы қазақстандықтар. Бұл кен орны жәй өндіріс орны емес, ел тарихы мен экономикасы үндескен бірегей орын. Мереке аясында 200 ден астам сала ардагерлері мерейтолық медальдармен марапатталды.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ