Бүгін Жаңаөзен ардагерлер үйі ғимаратында,«Мұнайгаз кешені ардагерлері кешені» РҚБ өкілдігінің Жаңаөзен қаласы бойынша директоры Майлыбай Өтебаев төрағалығымен, жылдық есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыста биылғы атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Бірнеше коледж, мектептерге барып, Отанды сүю, жат діни ағымдарға еліктеп еріп кетпеуге шақырып, саналы тәрбие, сапалы білім алуға шақырып, ақыл-кеңестер айтуда ардагерлердің еңбектері зор екені айтылып өтті. Сонымен қатар қала ішіндегі тазалық акциясына, сенбіліктерге қатысып, тал ағаштарын отырғызуға қатысқандары жөнінде айтылды. ҚР Энергетика министрлігінің
«Қазақстан Мұнайына 125 жыл» мерекелік медалімен 40 адам,«Өзен мұнайына 60 жыл» мерекелік медалімен 30 адам марапатталған.«Қазақстан Мұнайына125 жыл» толуына орай, М. Өтебаев, А Өтесинов, Қ Үсенов мемлекеттік наградаға ие болды. Республика күніне орай Ж Күмісбаев, Қ Есімов, А Каменов «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» берілгені жөнінде айтып өтті.
Қ Есімов Ж Күмісбаев тағы басқалары сөйлеп, қоғамның жұмысына оң бағасын беріп, келесі жылға сәттіліктер тіледі.
“МГКА” РҚБ ЖАҢАӨЗЕН ӨКІЛДІГІ