2024-ші жылдың 19.06. – 21.06. аралығында Атырау қаласы «Ембімұнайгаз» АҚ на барған іс сапар есебі.
Майталман мұнайшы Мақсот Байболұлы Қилыбаев, «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Бас директоры-Тегісбаев Анатолы 2024-ші жылдың 20-21 маусымында «Доссор мұнайгаз өндіру басқармасының» басшысы — Серік Абдиев, мамандары: Ибрашев Айбек, Курманкулов Адильбек, «Қарсақ мұнайгаз өндіру цехының» бастығы-Кулгалиев Жанибек, орынбасары Салиев Малик және «КМГИ» инженері Бибекпен бірге «Байшонас», «Қарсақ», «Ботақан» кен орындары араланып, мағлұмат алынды. Тәжрибе алмасу бағытында кездесу өткізілді. Мұнайгаз ардагерлері тарапынан мұнай көлемі азайған ескі кен орындарының жұмыстарын тоқтатудан бұрын жаңа технологияларды және ардагерлер тәжрибелеріне сүйеніп зерттеулер, тәжрибелік сынақтар өткізіп, өнім алуды әрі қарай жалғастыру керек екені ұсынылды.
«Қазіргі таңда көптеген кен орындарында өнімі төмен ұңғымалар тиімсіз деп, негізгі құрал жабдықтар есебінен шығарылып жатыр. Ұңғымаларды жоюға қомақты қаржы бөлінетіні мәлім. Өнімі аз, 99 (%) пайызға дейін суланған ұңғымаларды негізгі есептен шығарып жоюға жібермей мұнай қалдығын алуға болатындығы да айтылды».
Іс сапар нәтижелері, ұсыныстар Ембімұнайгаз АҚ мы басшылары Сабит Арынов және Қайрат Козовпен қорытынды кездесуде де айтылды.