ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАС МЕШІТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мешітті мұнай -газ кешені ардагерлері қоғамының Шымкент филиалының директоры, Саутс Ойл компанисының президенті Сейітжанов Серікжан Сейітжан ұлы өз қаржысына салып іске қосты. Мешіт Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының иелігіне беріліп оған Сейітжан қари Есжан ұлының есімі берілді. Мешітте бір мезгілде 12 000 адам намаз оқи алады және 150 шәкіртке медресе жұмыс істейді.Мешіт құрамында діни жоралғылар жасайтын орындар және ас беру рестораны бар. Мешіттің ашылу салтанатына Ләззат Кетебай ұлы бастаған, Шымкент, Қызылорда,Тараз мұнайшы, газшы қауым өкілдері, жергілікті ардагерлер қатысты. Соңынан ас берілді. Шымкент халқының игілігіне жарайтын бірегей кешен іске қосылды!

ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫ АТЫНАН ӘНУАРБЕК БИҒАРАЕВ