1-ШІ МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасында балаларға арналған мерекелік іс шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдерімен бірге “МГКА” РҚБ кеңесінің мүшесі , мемлекет және қоғам қайраткері З.Алшымбаев қатысты. Балалардың көңілін көтеру үшін оларды “Темір адам”, “Ақшақар” және т.б. аниматорлар қарсы алды. Балалар “Шалқан” ертегісінің негізінде өздері орындаған қойылым көрсетіп, әртүрлі жануарлар бейнесінде би биледі. Осындай мерекелік шаралар қаланың көптеген мектептері мен мәдениет орындарында өтіп, оған зиялы қауым өкілдері, қала ардагерлері қатысып жас жеткіншектерге, болашақ ұрпаққа баталы сөздерін арнады. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін, оның негізі- балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етілді.
“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ