АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫН АЛҒАН ҰЖЫМ

Үстіміздегі жылдың шілде айының 4-ші жұлдызында “МГКА” РҚБ Кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері З.Алшымбаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы “Мейірбике” жоғары медициналық колледжі студенттері мен педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Колледж 2016 жылы бой көтерген. 2023 жылға дейін медицина саласында орта білімді 6000 -нан астам мамандар дайындаған. Кездесу рәсімі оқу орнын биыл бітірген жас мамандарға диплом құжаттарын салтанатты тапсыру рәсімімен басталды. Маңғыстау облысы бойынша көшбасшы колледждердің бірі саналатын оқу орнын үздік бітірген озат оқушыларға құрметті қонақ ретінде шақырылған З.Алшымбаев құттықтау сөзін арнап, дипломдарын табыс етті. Өз сөзінде ардагер мұнайшылар бірлестігінің атқарып жатқан қызметіне тоқталып, колледж студенттері мен мамандарының денсаулығы кем мұнайшы ардагерлерге ұдайы қажетті медициналық көмек көрсетіп, қамқорлықтарына алғанына алғыс білдірді.

Салтанатты жиында сөз алған Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты А. Үсенұлы және медицина ғылымдарының кандидаты А.Сағымбаев оқу орнын бітіріп жатқан жастарды құттықтап, “мейірбике”, “мердігер” аттарына сай алған білімдерін жұртшылықтың денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп, ел алғысына бөленулеріне тілектерін жеткізді. Сонымен бірге оқу орнында 11 бағытта мамандар дайындалатынынына тоқталды. Олар: мейіргер және емдеу ісі, стомотология, лабораториялық диагностика, ортопедиялық стомотология, акушер ісі, фармация, гигиена және эпидемиология, медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Өздері бастамашы болып құрған Кіші Ғылым Академиясының Маңғыстау филиалы, “Салауатты Маңғыстау”, “Есірткісіз Қазақстан” атты бірлестіктердің “Мейірбике” колледжі ауқымында жұмыс атқаруы да студенттер үшін үлкен мүмкіндік екені айтылды. Маңғыстау өңіріне танымал қайраткер, мұнайшы ардагерлер бірлестігінің өкілі З.Алшымбаев өңірдегі өткелі жатқан “Астана күндеріне” арналған шараларға да қатынасады.
“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ